адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын
рәсімі.
2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органда-
ры, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынба-
сарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.
3.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтауды
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық
бағынысты мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды
жүргізеді.
4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік
басқарудың жергілікті
органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында
аттестаттау комиссияларын құрады.
5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың
өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға
орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: