Үш жармалы қақпақтың жетіспеушілігі.
Ентігу және әлсіздік айқын білінеді.
Ернінің, бетінің аяқ-қолдарының цианозы, мойын тамырларының пульсациясы,
эпигастральды пульсация анықталады. Пальпация жасағанда бауырдың пульсациясы
байқалады. Жүректің оң шекарасы кеңиді. Төстің төменгі жағынан, оң қолтық астына
тарайтын, систолалық шу естіледі.
Жүрек ақаулары жәй (бір қақпақтың жекелеген зақымдалуы), қосақталған (бір
тесіктің тарылуымен қақпағының жарамсыздығының қосарлануы), құрамалы (2-3
қақпақтың ақауының байқалуы) болып бөлінеді. Қосақталған ақауларды кейде күрделі
ақаулар деп те атайды.
ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Туа біткен жүрек ақауларының ең маңызды құралымы жүрек ішінде немесе оған
жақын үлкен тамырлардағы гемодинамикалық өзгерістер болып келеді. Бұл өзгерістерді
екі синдром түрінде қарауға болады: шлюз синдромы, яғни қанның ағымына қарсылық
224
білдіретін таралудан пайда болуы; жүректің оң және сол бөліктерінің немесе тамырлары-
ның арасында қатынас пайда болып, қан айдалу синдромы. Негізінен кіші немесе үлкен
қан айналым шеңберлеріндегі, болмаса қанның оксигеноциясының бұзылыстарымен
байқалады. Диагнозды толық анықтау үшін кіші қан шеңберінде қанның толысуын
(гиперволемия) немесе азаюын (гиповолемия) анықтаудың маңызы үлкен болып келеді.
Сонымен қатар, алғашқы (бірінші ретте), болмаса кіші қан шеңберіндегі ұзақ байқалатын
гиперволемияның әсерінен пайда болатын екінші реттегі өкпе гипертензиясын
анықтаудың маңызы үлкен. Тұжырымдай келгенде, барлық туа біткен жүрек ақауларында,
гемодинамика бұзылыстарын қалыптастыруға бағышталған, жүректің оң немесе сол
бөлігінің гипертрофиясын (болмаса жүрекке шектен тыс күш түсуін) анықтау қажет.
Жүректің сол жақ бөлігіне шектен тыс күш түсуі жүрек ұшының соққысының
күшеюімен, рентгенолргиялық және эхокардиографиялық зерттеулерімен дәлелденген,
жүрек шекарасының солға кеңеюімен, ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы белгілерімен
сипатталады. Жүректің сол белігіне шектен тыс күш түсу аортаның тарылуында, аорта
коарктациясында болады.
Жүректің оң бөлігіне шектен түс күш түсуі өкпе артериясының тарылуында,
жүрекшеаралық перденің мүкістігінде, Фало тетрасында, магистральды тамырлардың
транспозициясында, сол жүректің гипоплазиясында байқалады.
Өкпедегі қан айналымның азаю синдромы ерте байқалатын цианозбен (туылғаннан
бастап, болмаса 3-4 жасқа дейін), баланың төрттағандап отырып қалуы байқалатын
ентікпелі цианоздық ұстамамен сипатталады. Қол басында «дабыл таяқшалары», «сағат
шынысы» белгілері байқалады. Аускультация жүргізгенде өкпе артериясының деңгейінде
II тонның әлсірегені байқалады. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе аймағының
мөлдірлігінің артуы, жүректің оң контурының екінші доғасының семуі, оң қарыншаның
үлкейгені және ЭКГ-де оның гипертрофиялануының белгілері байқалады.
Шлюз синдромына жүрек аймағының ауруы, систолалық діріл, өзіне тән деңгейдегі
(аортада немесе өкпе артериясында) систолалық шу, тиісті қарыншаның үлкеюі және
гипертрофиясы, қарынша іші өткізгіштігінің бұзылуы (ЭКГ-де) тән болып келеді.
Аорталық шлюзга жүрек ұшының соққысының күшеюі, сол қарыншаның үлкеюі
және гипертрофиясы, рентгенограммада жүректің сол контурының бірінші және төртінші
доғасының шығыңқылануы тән болып келеді.
Жүректің оң және сол бөліктерінің арасында қатынас пайда болғандағы, қан айдалу
синдромы ентігу, жүрек соғуы, шаршағыштык, дене дамуының тоқырауы, жүрек
мөлшерлерінің үлкеюі, жүрек аймағындағы систолалық діріл, әр деңгейдегі систолалық
немесе систолодиастолалық шумен білінеді. Артерио-веноздық қан айдалу өкпеде қан
айналымның арытуымен сипатталады.
Венадан артерияға қан айдалу цианоз, саусақтың ұшының, тырнақтың
деформациясы, полицитемиямен сипатталады.
Шлюз синдромы мен қан айдалу синдромының қосарлануы осы синдромдардың
белгілерінің қосарлануымен анықталады. Бұндай жағдайда өкпе артериясының шлюзі
және өкпедегі қан айналымының азаюы байқалады. Ал, қан айдалу, ия өзгеріп тұрады, ия
венадан артерияға қарай бағышталған болады.
Барлық туа біткен жүрек ақауларын 3 топқа бөлуге болады:
I. Сол жақтан оңға қарай қан айдалатын (артериовеналық айдалу) ақаулар:
1.
Қарынша
аралық перденің мүкістігі
1.
Ашық
артериялық өзек
2.
Жүрекшеаралы
қ перденің мүкістігі
225
II. Венадан артерияға қан айдалатын және артериялық гипоксемия байқалатын
ақаулар:
1.
Фалло
тетрадасы
1.
Магистральды
тамырлардың транспозициясы
2.
Сол
жүрек
гипоплазиясы синдромы
III. Қан ағымына кедергі (шлюз синдромы) байқалатын ақаулар:
1.
Өкпе
артериясының тарылуы
1.
Аортаның
тарылуы
2.
Аорта
коарктациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |