Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БҮЙРЕКТІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет249/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БҮЙРЕКТІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Бүйрек шумақтарын сүзу қабілетін тексеру КЛИРЕНС – плазманың бір уақыт
бірлігінде қандай да болмасын бір заттан тазаруы. Практикалық жағдайда эндогенді
креатиннің клиренісі анықталады:
С =
, бұнда
С
– креатинин клиренсі немесе шумақтық сүзілісі:
U

 
несептегі креатининнің
концентрациясы;
Р
 

 
плазмадағы креатининнің концентрациясы;
V
 

 
минуттық диурез
(мл/мин есебінен).
Жүргізу әдісі. 
Ертеңгі сағат 7-де бала кіші дәретке отырғаннан кейін, 2 сағат бойына,
яғни сағат 10-ға дейін, 300-400 мл су ішеді. Осы мерзім бойына несебін жинап минуттық
диурезді анықтайды. Бұл уақыт аралығында, яғни сағат 9-да тамырдан қан алып,
плазмадағы креатинин концентрациясын анықтайды. Эндогенді креатинин клиренсі жаңа
туған балада көп төмен болады.
БҮЙРЕК ТҮТІКШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕКСЕРУ
Зимницкий әдісі. 
Науқас сұйықтықты әдеттегідей қабылдайды. Ертеңгілік сағат 6-да
бала кіші дәретке отырады. Тәулік бойына әрбір 3 сағат (9, 12, 15, 18, 21, 24, 3, 6) сайын
несеп жинайды, барлығы 8 бөлік болуы керек. Алдыңғы төрт бөлік – күндізгі несеп, соңғы
төртеуі – түнгі несеп болып есептелінеді. Екеуін қосып тәуліктік несеп мөлшері
шығарылады. 
Қалыпты жағдайда тәуліктік зәрдің 2/3 бөлігі күндіз, 1/3 бөлігі түнде шығарылуы
керек. Егер бұндай физиологиялық жағдай сақталмай, түнде көп зәр шығарылатын болса
никтурия 
деп аталады. Тәуліктік зәр мөлшері тәулік бойынша ішкен сұйықтық мөлшеріне
байланысты. Осыған орай бүйрек ауруларына шалдыққан балалардың ішкен сұйықтығы
мен бөліп шығарып отырған зәр мөлшерін қатар есептеп отырады. Қалыпты жағдайда
264


тәулік бойына ішкен сұйықтықтың 75-80 % зәр күйінде шығарылуы керек. Ал, одан 20 %
артық кем болса – олигоурия, 1/5 бөлігінен кем болса – анурия, 2 еседен артық болса –
полиурия болып есептелінеді.
Полиурия қантты және қантсыз диабетте, ісіктің тарау кезінде байқалады.
Олигоурия сұйықтықты аз ішкенде, қызба байқалатын ауруларда, құсып, іші өткенде,
жүрек қан тамырлары жұмысының жеткіліксіздігінде, жедел бүйрек жарамсыздығында
байқалады.
Әрбір бөліктің меншікті салмағы анықталады. Тәулік бойына несептің меншікті
салмағы зәр мөлшеріне сәйкес өзгеріп отырады. Зәрдің мөлшері көбейсе – төмендейді, зәр
мөлшері азайса – көбейеді. Бір жасқа дейінгі балаларда төменірек (1002-1007), 1-3 жаста –
1010-1017, 3-6 жаста – 1012-1020, 10-12 жаста – 1011-1025 болады. Зимницкий
сынамасында ең кіші және ең үлкен меншікті салмақтардың айырмашылығы 10-нан, ал
меншікті салмақтың ең болмаса біреуі 1020-дан (ерте жастағы балаларда 1018) кем
болмауы керек. Бұндай жағдайда бүйректің концентрациялау қызметі қалыпты болып
есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет