Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ



Pdf көрінісі
бет311/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
1-3 және 3-7 жастағы балаларға ас мәзірі жасалынады, үйткені бұл топтардың
тағамдық заттарға физиологиялық мұқтаждығы әртүрлі.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалар 3 рет тамақтанады. Калорияның ертеңгісін
25% түсте 35-40%, бесінде 15-20% береді. Тәулік бойына балалар бақшасында болатын
балаларға кешкі ас 25% беріледі. Ас мәзірін құрғанда, күн бойына тамақтардың дұрыс
бөлінуін қадағалау керек: құрамында ет, балық, жұмыртқа бар тағамдар ертеңгісін және
түсте, яғни күннің бірінші жартысында, берілу керек. Кешкі ас ретінде – сүт, өсімдік
тағамдарың, яғни жеңіл қорытылатын тағамдарды берген жөн.
Ас мәзірін құрғанда, кейбір тағамдар күнде беріледі, ал кейбіреулері күнара немесе
аптасына 2-3 рет беріледі. Мысалы, сүт, майлар, қант, ет, нан ас мәзіріне күнде кіруі керек.
Ал, балық, жұмыртқа, ірімшік сүзбе, қаймақ күнде берілмейді, бірақ, апта бойына оларды
тиісті мөлшерде қабылдап отыру керек. Баланың тиісті мөлшерде көк-өніс, жеміс-жидек,
325


әсіресе, жаңа күйінде көк-өніс, жеміс-жидек қабылдауына үлкен көңіл бөліп отыру керек.
Шикі көк-өністен жасалған салаттар, жеміс-жидек (күнде), табиғи және консервілінген
шырындар, жеміс пюрелерін берген жөн. Макарон тағамдарының күніне 1 реттен артық
қайталанбауын қадағалап отырған жөн. Егер ертеңгісін ботқа берілсе, кешкісін көк-өніс
пюресін немесе басқаша дайындалған түрін беру керек. Күніне көк-өніс тағамдары 2
реттен кем берілмеуі керек.
Тамақтардың кейбіруі жоқ болса, оларды басқа тамақтың тиісті мөлшерімен
ауыстыру керек. Бұндай мәлімет арнайы берілген кесте бойынша анықталады 
(59 кесте).
Мысалы, 100 г етті 110 г сүзбе ауыстыра алады, бірақ сүзбеде май көп болғандықтан сол
күнгі тамақ құрамынан 6,5 г май алынып тасталуы керек. Сол сияқты 100 г етті 155 г
балықта ауыстыра алады, бірак онда 2 г май қосылу керек. 
59 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет