Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет314/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ел басшысы
2006 жылдың наурыз айындағы Қазакстан халқына жолдауында
көрсеткендей Дүние жүзінің бәсекелікке қабылетті елу ел қатарына қосылу стратегиясы
медициналық-демографиялық жақсартуды талап етеді. Бұл бағытта «Мың жылдықтар
табалдырығында Декларациясына» сәйкес Қазақстанның халықаралық міндеттерін
орындау барысында балалар және аналар өлімінің көрсеткішін төмендету өте қажет
болмақ. Міне осы мәселеде неонатологияның алар орны өте үлкен. 
Неонатология
– жаңа туған нәрестелерді күтуге бағышталған, педиатрияның бір
бөлігі болып келетін, ғылым. Яғни, нәресте өмірге келген күннен бастап, 28-күнге (бір
айға) дейін дені сау балаларды күтуді ұйымдастырып, ал ауру балаларды емдеп, қажет
болса, тиісті қарқынды ем түрінде көмек көрсетуге бағышталған
педиатрияның бөлігін
неонатология
деп атаймыз.
Неонатологияда келесідей терминдер қолданылады:
Гестациялық жас
– етек кірінің соңғы күнінен, босанғанға дейін, аптамен
есептелген мерзім. Босанудың нәтижесі (өлі немесе тірі туылу) есепке алынбайды. 
Балалар өлімі = 
5 жасқа дейін өлген балалар саны/тірі туған 1000 балаға шаққанда.
Сәбилер өлімі =
бір жасқа толмай өлген балалар саны/тірі туылған 1000 балаға
шаққанда.
Сәбилер өлімі көрсеткіші
= осы жылда бір жасқа толмай өлген балалар саны ×
1000/осы жылда тірі туылған балалардың
 
2/3 бөлігі + өткен жылы туылған балалардың
1/3 бөлігі.
Неонатальдық өлім көрсеткіші 
= 0-27 күн аралығында өлген балалар саны 
×
1000/
тірі туылған балалар саны.
Ерте неонатальды өлім 
= 0-6 күнде өлген балалар саны 
×
1000/тірі туылған балалар
саны.
Кеш неонатальды өлім
= 7-28 күн аралығында өлген балалар саны
×
1000/тірі
туылған балалар саны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет