Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Салмағының физиологиялық азаюы



Pdf көрінісі
бет325/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Салмағының физиологиялық азаюы.
Тіршіліктің бірінші 4 күнінде байқалады,
яғни туылған салмағының 4-5% кемиді. Салмағының азаюы 8-10% тең болса – ол
патологиялық жағдайға жатады. Балалардың көбісінің салмағы 9-10 күндері өз қалпына
келеді (егер анасының сүті мол болса – 6-7 күнде). Салмақ азаюының себебі – бала
сұйықтықты демімен шығарады, ал оны ішу салыстырмалы түрде аз болады. Салмағының
азаюын кеміту үшін балаға жақсы күтім жасау, ерте емізу, сұйықтықты жеткілікті
мөлшерде беру қажет.
Транзиторлы қызба.
2-5 күндердің аралығында баланың дене кызуы 38-40
о
дейін
көтеріледі, бірак, ешқандай басқа патологиялық белгілер анықталмайды. Транзиторлы
қызба салмағының азаюымен бірғе байқалады. Оның негізінде баланы белокқа бай уызбен
тамақтандырғанда сұйықтықтың жеткілікті болмауы және қызу реттейтін орталыктың
жетілмеуі жатады. Қызудың патологиялық себептері анықталмаса, ол физиологиялық деп
есептелінеді.
Жыныс немесе гормональды криз.
Ер және қыз балалардың сүт бездері 3-4
тәулікте ісінуі мүмкін, мөлшері бұршақ мөлшерінен грек жаңғағы мөлшеріне дейін және
одан да үлкен болуы мүмкін. Ең үлкен мөлшері 8-10 күндерде анықталады. Сүт бездерінде
саусақпен сәл басқанда, уызға ұқсаған сөл шығады. 2-4 айда сүт бездері өз қалпына келеді.
338


Сонымен бірге, қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі байқалады.
Бірінші күндері жыныс саңылауынан ақ түсті кілегей шығады, бұл жатырдың мойындағы
безді тіндердің жалпақ эпителиі клеткаларының қосылып шығуы. 3-7 тәулігінде кілегейге
қан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай 1-2 күн анықталып, соңынан өзінен өзі жойылып кетеді.
Бұл жағдайлар ұрыққа анасының жыныс гормондарының өтуіне байланысты болады.
Анасының жыныс гормондарының әсеріне байланысты, ер балалардың аталық
бездерінің арасында мөлдір сарылау сұйықтық жиналуы мүмкін, 6 аймен 12 айдың
аралығында сұйықтық сіңіріліп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет