Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Орталық нерв жүйесінің туылу жарақаттары мен зақымдалулары



Pdf көрінісі
бет337/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Орталық нерв жүйесінің туылу жарақаттары мен зақымдалулары.
Перинатальды патология

жүктіліктің 28 аптасынан ЖТН өмірінің 7 күні
аралығында байқалатын патология.
Қазіргі уақытта ОНЖ зақымдалуына әкелетін перинатальды патологияның саны
жоғарылады:
1.
Ми гипоксиясы – 47%;
2.
Аномалиялар (ми дисплазиясы) – 28%;
3.
TORCH-инфекциялары – 19 (токсоплазмоз +қызамық цитомегаловирустар + герпес
+ т.б. инфекциялар). Герпес вирустар тератогенді қасиетіне байланысты қызамықтан
кейін 2-ші орын алады.
4.
Тұқымқуалайтын зат алмасу бұзылатын аурулар: фенилкетонурия (ФКУ),
галактоземия, лейциноз («үйеңкі шырыны» ауруы).
«ОНЖ перинатальды зақымдалуы (ОНЖ туыл у жарақаты, бассүйекішілік туылу
жарақаты)» термині терең патоморфологиялық өзгерістермен сипатталады, ол миға қан
құйылу (бассүйекішілік қан құйылу) және тіндер деструкциясымен (гипоксиялық-
ишемиялық энцефалопатия) білінеді. Бассүйекішілік қан құйылулар шығу тегі бойынша
жарақаттық және гипоксиялық болып бөлінеді. Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия
(ГИЭ) – перинатальды гипоксиямен сипатталатын, қимыл-қозғалыс бұзылысына,
құрысуларға, психикалық даму бұзылысына әкеліп соқтыратын мидың зақымдалуы.
Клиникасында физиологиялық қалыпты деңгейден асатын бас көлемінің үлкеюі
(өмірінің бірінші кварталында ай сайын 2см асады), бассүйек жіктерінің ажырауы,
басында айқын веналық тордың анықталуы, үлкен еңбектің ісінуі мен үлкеюі байқалады.
349


Қозғыштықтың жоғарылауы, ащы айқай, көз симптомдары байқалады, бұлшықет тонусы
өзгереді (гипо- немесе гипертонус).
Ерте қалыптасу кезеңінде
синдромдар клиникалық диагнозда «энцефалопатия»
терминімен белгіленеді, оған дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын миыдың
аурулары кіреді.
Кеш қалыптасу кезеңінде 
мидың зақымдалуының шынайы ауырлығы мен деңгейі
нақты анықталады. Болбыр иық симптомы, аяқтарының қиылысуы және психофизиоло-
гиялық даму кідірісінің анықталуы қолайсыз болжам көрінісі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет