Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет350/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жіктелісі.
НГА анықтауды талап етеді:
1.
қайшылық түрі (резус, АВО, сирек кездесетін факторлар);
2.
клиникалық түрлері (мацерацияланып ұрықтың құрсақ ішінде өлуі, ісікті түрі,
сарғыш түрі, анемиялық түрі, сарғыш-анемиялық түрі );
3.
сарғыш және анемиялық түрлеріде ауырлық дәрежесін анықтау (жеңіл дәрежелі,
орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі);
4.
асқынулары: билирубиндік энцефалопатия -өткінші (транзиторлық) неврологиялық
дисфункция (1-дәрежелі билирубиндік уыттану (интоксикация), жедел билирубиндік
энцефалопатия (ІІ-дәрежелі билирубиндік уыттану), ядролық сарғаю, геморрагиялық
немесе ісіктік синдромдар, бауырдың, жүректің, бүйректің, бүйрек үсті бездерінің
зақымдалуы, «өт қойылу» синдромы, иммундық жетіспеушілікке байланысты
инфекциялық процесстер, зат алмасу бұзылыстары: гипогликемия және басқалар;
5. қосалқы аурулар және фондық жағдайлар (шала туылу, ҚІИ, тұншығу және т.б.).
Клиникасы
.
Ісікті түрі
ең ауыр түрі болып келеді, жиі ұрықтың құрсақ ішінде
өлуіне немесе балалар үлкен ісікпен мерзімінен бұрын туылуына әкеледі. Құрсақішілік
кезеңде УДЗ-де ұрықтың «будда қалпы», бас сүйегі күмбезінің айналасында дөңгелек
болып көрінетін құрылым тән. Плацентаның салмағы шектен тыс үлкен болады. Жүктілік
ағымы преэклампсия және эклампсия түрінде гестозбен асқынады. Бұндай баланың терісі
өте бозғылт, аздап сарғыш воск немесе көкшіл түсті болып келеді. Беті айқын ісікке
байланысты ай тәріздес болады. Денесінде және аяқ-қолдарында, сыртқы тыныс жолда-
рында айқын ісік, анасарка түрінде білінеді. Дене қуыстарында бос сұйықтық анықталады.
Ісікті түрінде балаларда геморрагиялық синдром (миға, өкпеге, ішек-қарынға, теріге қан
құйылу). Кейбір балаларда ТІШҰ-синдромы, бірақ барлығында бауырда түзілетін, плазма-
дағы прокоагулянттар өте төмен болады. Гипопротейнемия, кіндік қанында билирубин
мөлшерінің көбеюі (тіке және тіке емес билирубин есебінен), ауыр анемия (гемоглобин
мөлшері 100 г\л-ден төмен), әртүрлі дәрежедегі нормабластоз және эритробластоз,
тормбоцитопения. Әдетте, бұндай балалар туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда өліп
кетеді. Тірі қалған балаларда көбіне неонатальды инфекциялар, бауыр циррозы,
энцефалопатиялар дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет