Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет372/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагностикасы
. ЦМВИ-ға тексеруге: туа болған инфекция белгілері бар нәрестелер,
сонымен бірге аурудың клиникалық белгілері жоқ, бірақ ЦМВ құрсақ ішілік берілу қаупі
бар топтағы әйелдерден туылған балалар жатады.
ЦМВ құрсақ ішілік берілуге жоғары қауіпті топқа жүктілік біріншілік не екіншілік
ЦМВИ-мен өткен әйелдер жатады. Жүктілік кезінде ЦМВИ-ның клиникалық белгілері
379


минимальды ЖРИ түрінде болуы мүмкін, сондықтан диагностика барысында лаборато-
риялық тексеріс маңызды болып табылады. Жүктілік барысында біріншілік ЦМВИ-ның
диагностикалық критерийі ЦМВ белсенді репликациясы маркері болып табылады
(виремия немесе ДНК-емия). Екіншілік ЦМВИ бар әйелдерде одан басқа инфекциялық
процесстің белсенділігінің иммунологиялық маркерін анықтайды (қос сарысуларда анти-
ЦМВ-антидене Ig M болуы, анти-ЦМВ антидене IgG өсуі). Жоғары қауіптілік топқа
жатқызуға абсолютті критерий әйелдерде, егер симптомсыз жүрген кезде де ЦМВ
белсенді репликациясының маркерін табу болып табылады (виремия, антигенемия, ДНК-
мия). Лабораториялық тексеруді комплексті толық өткізу мүмкін болмаған жағдайда
қауіптілік тобына мононуклеид тәрізді аурулар анықталған жүкті әйелдерді, сонымен бірге
қолайсыз акушерлік анамнезі бар (түсіктер, өлі туылулар, балалары құрсақ ішілік
инфекциядан шетінеген әйелдер) жатқызылады.
ЦМВИ-ға қаупі бар жаңа туған нәрестелерге қандай да бір жеткілікті әдіспен
қоздырғыш идентификациясын жүргізу қажет (вирусологиялық, ПТР не А2-вирусын
табу). Зерттеу материалы организмнің кез келген ортасы бола алады (зәр, сілекей, ауыз-
жұтқыншақ шайындысы, коньюктивадан алынған жұғынды). Дегенмен, кұрсақ ішілік
ЦМВИ белсенді кезеңі тек ЦМВ геномы қан немесе ликворда анықталған кезде ғана
дәлелденеді. Процесстің жеделділігін нақтылау үшін М және G класстарының анти-ЦМВ-
антидене сандық анықтауын ЦФА әдісімен серологиялық зерттеу көрсетеді. Динамикада
3-4 аптадан кейін арнайы антидене титрін (жұп сарысулар) міндетті түрде қайталап
анықтау керек. Ескеретін жағдай, салыстырмалы диагноз жүргізу кезінде жаңа туған
нәресте мен анасының анти-ЦМВ- IgG анықталу диагностикалық критерий болып
табылады. Егер туған кезде антидене титрі анасының титрімен тең болса, 3-4 аптадан
кейін, 1,5-2 есе қайталап азайған болса, нәрестеде анықталған IgG анасының антиденесі
болып есептеледі.
Нәрестеде өмірінің алғашқы аптасында анти-ЦМВ-IgM анықталуымен қатар IgG
классының арнамалы антидене концентрациясы өсуі байқалған, бұл жүріп жатқан
цитомегаловирусты процесстің бар екендігін дәлелдейді.
Емі.
Туа болған ЦМВИ-ның емі этиотропты және синдромальды терапиядан тұрады.
Арнамалы вирусқа қарсы тиімді ем жоқ. Вирусты инфекцияның емі мен алдын алуға
виростатикалық препараттар қолданылады: ганцикловир, фоскарнет. Ганцикловир
(цимевин) – күніне 2 рет 5мг/кг мөлшерден 1 сағат ішінде көк тамырға енгізеді. Курсы
14-21 күн және әрі қарай ішуге тәулігіне 5мг/кг- нан беріледі. Бірақ, бұл препараттардың
жағымсыз және токсикалық әсері бар: нейтропения, тромбоцитопения, сонымен бірге
препараттардың теротогенді, мутагенді және канцерогенді әсері бар. Сондықтан, жаңа
туған нәрестелерде виростатиктерді өте сирек қолданады, тек аурудың өмірге қауіп
төндіретін ағымында ғана қолданады. Реакти- вированды түрі бар науқасқа адам
имммуноглобулинін анти-ЦМВ-IgG ИФА-да (1:640000) жоғары титрін 0,3 (2 доза) күніне 1
рет 5 күн бойы, курсқа 15 мл тағайындайды. ЖТН аз салмақты болса 15мл (1доза) күніне
1 рет 10 күн бойы енгізеді (15 курс). 
Қазіргі кезде цитомегаловирусты және герпетикалық инфекция кезінде ацикловир
(зовиракс) 5мг/кг-нан 10 күн бойы тәулігіне 3 рет тағайындайды. Содан соң рекомбинатты
интерферон (виферон) қолданылады аптасына 3 рет 3 ай бойы келесі мөлшерде беріледі:
1 жасқа дейін 30000 бірлік; 1-2 жас 500000 бірлік; 2-5 жас 1000000 бірлік; 5жастан жоғары
3000000 бірлік (Н.С. Божбанбаева, 2003). Виремия симптомдары азайған жағдайда
арнамалы “Биотест фарма” (Германия) шығаратын антицитомегаловирусты иммуноглобу-
лин қолданады. “Цитотек” – арнамалы антицитомегаловирусты иммуноглобулин тамыр
арқылы жіберіледі. Препарат әсері цитомегаловирусты нейтролизациялауға арналған.
Препараттың иммуномодуляциялық әсері бар, иммунды жүйенінің қызметін төмендетпей-
ді, организм жақсы қабылдайды. Цитотек 10% ерітінді түрінде шығарылады, перфузионды
арқылы 5-7 мл/сағатына, 2мл/кг/сағатына күн ара қан тамырына жіберіледі, курс 3-5рет;
немесе 4 мл/кг/тәу әр 3 күн сайын: терапияның 1-ші, 5-ші және 9-ші күні. Содан кейін
380


тәуліктік мөлшері инфекциялық процесстің белсенділігіне байланысты 2мл/кг/тәулігіне 1-
3 рет интервалмен жіберіледі.
Құрсақ ішілік ЦМВИ-ның симптомдарының алдын-алу мүмкін емес. Вирусқа қарсы
вакцина дайындау бағытында, қазіргі кезде оқымыстылар жұмыс жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет