Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет374/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникалық көрінісі.
2-2,5% жағдайда даму, ақаулары байқалады, микоплазмалық
инфекцияға тән ақау жоқ. Егер нәресте құрсақтағы даму кезеңінде кеш зақымдалса, шала
туу жиі болады. Микоплазмалық инфекцияның көріністері жайылумен көрінеді. Тыныс
бұзылу жиі кездеседі,брониттер, бронхолиттер байқалады. Тері жамылғысы ақшыл-сұр,
склерема болады. Гепатолиенальды синдром айқын білінеді. Зәрде өзгерістер (белок жоға-
рылайды, эритроциттер пайда болады, лейкоциттер) болады. Бүйректің тіке түтікшелері-
мен эпителийі микоплазмамен зақымдалады. Шеткі қанда анемия, тромбоцитопения
болады. Микоплазмалық инфекцияның ауыр түрінде кейде ТІҚШҰ синдромы дамиды.
Диагностикасы.
Диагноз анамнезге және клиникалық көріністерге сүйене отырып
негізделеді. Лабораториялық диагностикасы маңызды, серологиялық зерттеуде қоздыр-
ғышты анықтау және нәтижесіне сүйене отырып, микоплазмалық аурудың жедел кезеңінде
қақырықта, мұрын секретінде анықталады. Сирек жағдайда өлген адамдардың қанында,
өкпе тінінде анықталады. Қазіргі уақытта полимеразалық тізбекті реакция көмегімен
анықталатын әдістер өңделген, биологиялық вариантта микоплазмалық антигендерге
энзимді иммуносорбент анамнезінде анықталады. Қосымша маңызды тексеру әдісі
анасында және баласында 10-14 күннен кейін серологиялық зерттеу. Бұл микоплазмаға
антидене анықтау мақсатында жүргізіледі. Балада антидене титрінің 4 есе жоғарылауы,
инфекциялық процесстің активтілігін көрсетеді. 
Емі.
Әртүрлі кең спектрлі антибиотиктермен этиотропты ем жүргізіледі.
Эритромицин 30 мг/кг немесе 15 мг/кг тәулігіне, алғашқы күні тәулігіне 2 рет, курс
ұзақтығы – 5-10күнге созылады. Левомицитин және тетрациклин (доксициклин, метацил-
лин, тетрациклин) тиімділігі жоғары. Бірақ оларда асқыну белгілері жиі болғандықтан тек
микоплазмалық менингоэнцефалит және ауыр пневмонияларда ғана қолданған жөн.
2.4.7.2.5. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ХЛАМИДИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ (ХИ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет