Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жаңа туған нәрестелер көпіршік (пемфигус) ауруы –



Pdf көрінісі
бет382/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

 
Жаңа туған нәрестелер көпіршік (пемфигус) ауруы –
өмірінің бірінші 2
аптасында жиірек дамиды. Мойнында, ішінде, аяқ-қолдарында –ішінде лайлы
сұйықтығы бар әр түрлі көлемді (диаметрі 0,5-2,0 см) көпіршіктер шығады
. Көпіршіктер
жеңіл жарылып, қансырайтын жаралы беткей пайда болады. Бөртпелер үсті-үстіне
шығуына байланысты полиморфты болады. Жаралы жерлердің эпителизациясы тез
жүреді, орнында боз-қызғылт дақтар ұзақ уақытқа қалады. Баланың жалпы-жағдайы
терідегі көп санды көпіршіктерге байланысты нашарлап, дене қызуы 38-39
о
С көтеріледі.
Бала әлсізденіп, емшектен бас тартып, салмақ қосуы нашарлайды.
Емдеу
 
 
.
Бірен-саран бөртпелер кезінде-жергілікті ем көрсетілген: стерильді ине
немесе қайшымен көпіршікті жарып, стерильді тампонмен сүртіп, эрозияны бриллиант
жасылымен өңдеу қажет. УКС тағайындалады. Ауыр ағымда қоздырғышқа сезімталдықты
ескере отыра – антибактериалды, дезинтоксикациялық, симптоматикалық және
витаминотерапия жүргізіледі.
Риттердің эксфолитивті дерматиті –
бұл ауру-көпіршіктің ең ауыр түрі болып
саналады. Ол сәбидің өмірінің алғашқы күндерінде дамып, ауыз немесе кіндік
айналасындағы теріде қызарудың пайда болуымен сипатталады.
Процесс денеге немесе
аяқ-қолдарға өте тез тарайды. Кейін эпидермистің астына экссудат жиналып, тез жарылып
көлемді жаралы беткей түзетін «көпіршік» дамиды. Аяқ-қолдарда тері көп бөлшектермен
түседі (ІІ дәрежелі күйікпен ауыратын науқас тәрізді). Болжамы жиі қолайсыз.
Емдеу
.
Жалпы ем сепсис кезіндегідей жүргізіледі. Жергілікті өңдеу келесі реттілік-
пен жасалады: стерильді ине немесе қайшымен көпіршікті жарып, стерильді мақта тампо-
нымен сүртіп, осыдан кейін эрозияларды метилен көгі немесе бриллиант жасылының сулы
ерітіндісі мен өңдеп, гормондық май жағылған салфеткамен жабады («Синалар»,
«Локакортен»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет