Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет396/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Рахиттің жедел дамуы
баланың 1-ші жарты жылдығында жиі кездеседі. Арудың бұл
ағымы ауру белгілерінің тез дамуымен ерекшелінеді. Рахит белгілері тез дамып, сүйектің
жұмсару белгілері сүйек гиперплазиясы белгілерінен басым болады. Шала туылған
балаларда жиі кездеседі. 
Рахиттің жеделдеу дамуы –
дертттің дамуы баяу болып келеді, 2-ші жарты
жылдықта жиі кездеседі. Сүйекті гиперплазия белгілері басым болады. 
Рахиттің қайталап дамуы
– созылмалы науқастың кейбір ауруларға немесе Д
витаминінің мөлшерін дұрыс есептемегенде, жақсару белгілерінің қайталау белгілерімен
алмасып отыруы.
Рахитті оған ұқсас бiр топ және сиректеу кездесетiн гипотиреоз, хондродистрофия,
туа болатын сүйек сынғыштығы сияқты аурулардан ажырату керек. 
401


Туа біткен сүйек сынғыштығы
(аяқталмаған остеогенез). Клиникалық белгілері
мешелдің ауыр түріне ұқсас болады. Бұл аурудың негізгі үш белгісі – аяқ-қолдары
деформацияланады және қысқарады, бұлшық ет қыртыстары пайда болады.
Сүйектердің рентген суретінде сынықтардың орнынан таюы, остеопороз байқалады.
Мешел белгілері болмайды. Эпифиз бен диафиздің шеттері қалыпты жағдайда болады.
Рахит салдарынан болған сынықтар толық болмайды («жасыл бұтақ»). Қандағы фосфор
мөлшері қалыпты, ал мешелде гипофосфатемия анықталады. 
Гипотиреоз (микседема).
Науқастың терісі боз, құрғақ, шашы қатты, тілі үлкен
болып келеді. Қанда фосфор мөлшері, психикалық дамуы қалыпты. Рентгенде
эпифизарлық контур анық, сүйектену нүктесінің кешігіп пайда болуы байқалады. 
Туберкулездік спондилит
мешелдің кифоз немесе кифосколиоз деп аталатын
омыртқа жотасының майысуымен сипатталады. Мешелде бұл майысу бел омыртқада
байқалады, ол томпайып доға тәрізді арқасына шығып тұрады. Ал, туберкулездік
спондилитте омыртқаның кеуде бөлігі үшкірленіп майысады. Егер баланы етпетінен
жатқызып, аяғынан ұстап жоғары көтерсе, мешел кифозы жазылып кетеді, ал
туберкулездік кифоз өзгермейді. Рахиттегі майысу балаларда ерте жаста пайда болады,
туберкулездегі омыртқадағы өзгеріс көбіне мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы
балаларда байқалады. Туберкулинмен қойылатын сынама және рентгендік зерттеу бұл
ауруларды толық айыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет