Туа біткен сүйек сынғыштығы
(аяқталмаған остеогенез). Клиникалық белгілері
мешелдің ауыр түріне ұқсас болады. Бұл аурудың негізгі үш белгісі – аяқ-қолдары
деформацияланады және қысқарады, бұлшық ет қыртыстары пайда болады.
Сүйектердің рентген суретінде сынықтардың орнынан таюы, остеопороз байқалады.
Мешел белгілері болмайды. Эпифиз бен диафиздің шеттері қалыпты жағдайда болады.
Рахит салдарынан болған сынықтар толық болмайды («жасыл бұтақ»). Қандағы фосфор
мөлшері қалыпты, ал мешелде гипофосфатемия анықталады.
Гипотиреоз (микседема).
Науқастың терісі боз, құрғақ, шашы қатты, тілі үлкен
болып келеді. Қанда фосфор мөлшері, психикалық дамуы қалыпты. Рентгенде
эпифизарлық контур анық, сүйектену нүктесінің кешігіп пайда болуы байқалады.
Туберкулездік спондилит
мешелдің кифоз немесе кифосколиоз деп аталатын
омыртқа жотасының майысуымен сипатталады. Мешелде бұл майысу бел омыртқада
байқалады, ол томпайып доға тәрізді арқасына шығып тұрады. Ал, туберкулездік
спондилитте омыртқаның кеуде бөлігі үшкірленіп майысады. Егер баланы етпетінен
жатқызып, аяғынан ұстап жоғары көтерсе, мешел кифозы жазылып кетеді, ал
туберкулездік кифоз өзгермейді. Рахиттегі майысу балаларда ерте жаста пайда болады,
туберкулездегі омыртқадағы өзгеріс көбіне мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы
балаларда байқалады. Туберкулинмен қойылатын сынама және рентгендік зерттеу бұл
ауруларды толық айыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: