Байланысты: Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы
А Л Ғ Ы С Ө З Соңғы жылдары Қазақстан медициналық жоғары білімді мамандар дайындау жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болып жатқаны белгілі. Педиатрия факультеті жабылып, педиатр мамандарды дайындау жалпы медицина мамандығы бойынша 5 жыл оқып, жалпы медицина бакалавры мамандығына ие болған мамандардан 2 жылдық интернатурада оқыту арқылы дайындау жолға қойылмақшы. Көп жылғы мамандар дайындау тәжрибесі қалай болғанда да кәсіби дайындықты алғашқы жылдардан бастап жүргізудің маңызы айтарлықтай екенің көрсетіп отыр. Осы тұрғыдан ойлағанда Балаш Түсіпқалиев баспаға ұсынып отырған Жалпы медицина факультеті студенттеріне арналған Балалар аурулары оқулығы өте дер кезде дайындалған деп айтуға болады. Себебі оқулыққа, бұрынғы ( қазір жойылып кеткен ) балалар аурулары пропедевтикасы пәніне кірген, педиатрлар дайындау үшін өте қажетті бөлімнің еңгізілуі маңызды толықтыру бола тұра, кейбір бағадарламаларда жіберілген олқылықтарды оңтайландырып тұрған сықылды. Бұндай пікір, ең бірінші автордың өзі осы пәннен тәжрибелі маман-педагог болуымен қатар, ол бұдан бұрында, бүкіл Қазақстан медицина жоғары оқу орындары пайдаланып отырған, педиатрларға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын өмірге әкелген, тәжрибелі автор екендігімен негізделеді. Әріне, бұдан бұрын Болат Хабижанұлы мен Сулеймен Хамзаұлы өмірге әкелген, педиатрия факультетінің студенттеріне арналған « Балалар аурулары » оқулығы айтарлықтай жетістіктермен жазылған, көпшіліктің ілтипатына ие болған оқулықтар екені баршаға белгілі шындық. Дегенмен ол оқулықта пропедевтикалық, неонатологиялық, инфекциялық және т.б. мәселелер қарастырылмаған. Ал, Б.Түсіпқалиев дайындаған оқулықта педиатриядан студенттерге қажет барлық мәлімет қамтылып беріліп, соңғы талапқа сәйкестеніп жазылған, сондықтанда қазіргі өмір талабына сәйкес жазылған оқулық деп толық айтуға болады. Бұндай оқулық жалпы медицина факультетінде дәріс алатын студенттердің педиатриядан толық білім алуына мүмкіндік беріп, интернатурада педиатр болуға ынта білдіріушілердің саның көбейтіп, елімізге қажетті деңгейде дәрігер-педиатрлар дайындауға жағдай жасайды деп үміттенемін. Өзім інім, шәкіртім Балашқа еңбегінің жемісті болуына, оқулықтың тезірек жарық қөруіне шын ниетіммен тілегімді білдіремін.