Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет401/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникасы.
Тәбетiнің төмендеуi немесе жоғалуы, салмақтың нашар қосылуы,
эксикоз байқалатын жалпы улану. Терi қабаттарының бозаруы және құрғауы, қатты
шөлдеу, бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы, тахикардия, жүрек соғуының әлсiзденуi,
оның шекарасының кеңеюi, систолалық шу, iш қату немесе iш өту, дизурия көрiнiстерi
(полиурия, олиго-, анурия), пиелонефрит, ал, кеселдiң ауыр дәрежесiнде бүйрек
жетiспеушiлiгiнiң белгiлерi. Яғни, Д- гипервитаминозы турлi ағзалар мен жүйелерге терiс
әсер беретiн дерт. 
Аурудын созылмалы ағымында пиелонефрит, гипотрофия, жалпы улану (инток-
сикация) белгiлерi басым болады. Диагноз қоюда қанда және несепте кальций мөлшерiн
(гиперкальциемия және гиперкальциурия), гиперфосфатемия мен гиперфосфатурияны
анықтау өзгелермен салыстырғанда, бiршама манызды лабораториялық мәлiмет болып
табылады. Биохимиялық сынамаларда сiлтiлiк фосфатаза мен холинэстераза белсендiлiгi-
нiң төмендеуi, гиперхолестеринемия, диспротеинемия анықталады. Қанда анемия, солға
ығысқан нейтрофильдi лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары болады. Зәр сынамасында – протеину-
рия, лейкоцитурия және т.б. Рентгенограммада – сүйектер диафизiнiң көрнектi кеуектiлiгi,
түтiкше сүйектердiн эпифиз аумағына әк жиналуы. Аурудың диагнозы анамнезге (Д-
витаминiнiң көп мөлшерiн алуы), жалпы клиникалық өгерiстерге және биохимиялық
көрсеткiштерге сүйенiп қойылады. Қандағы гиперкальциемия Д-гипервитамитозынын аса
елеулi сипаты диагнозға кез келген емханада жасалатын Сулкович сынағы көмектеседi.
Бұл үшiн Сулкович реактивiн оның мөлшерiнен екi есе артық зәрмен араластырады.
Гиперкальциурия бар болса (ол гиперкальциемияның белгiсi), зердiң түсi ылайланады.
Кальциурия қалыпты немесе гипокальциурия болса, қоспа түсi өзгермей, мөлдiр күйiнде
қалады.
Ажырату диагнозы.
Д гипервитаминозын ең алдымен дәрiнiң жанама әсерiнен
ажырату керек. Жанама және токсикалық (Д-гипервитаминозының жеңiл дәрежесi)
әсерлердiң клиникалық көрiнiсiне Д витаминiн қолдану, лоқсу, құсу болғандыктан
ұқсастық болады. Дегенмен, жанама әсерлерге (аллергия, идиосинкразия), жоғарыда
көрсетiлгендей улану, нерв жүйесi өзгерiстерi, биохимиялық көрсеткiштер бұзылысы тен
емес. Сәби iшкен Д витаминiнiң жалпы мөлшерi 400 000 ХБ-тен көп болмаса, ол да
гипервитаминоз жоқтығына кепiлдiк бередi. 
Емi.
Ем тиімділігі ауруды дер кезiнде анықтауға тығыз байланысты. Емдi ауруханада
жүргiзу тиiмдi, оған гиперкальциемия мен токсикозға қарсы, жүйелер мен ағзалар
жұмысын қалпына келтiру және бала организмiнiң қарсыласу қызметiн жоғарылату
шаралары жатады. Олар: 1) Д витаминiн берудi мүлдем тоқтату; 2) емдәмде кальций
тұздарын шектеу; З) А, Е жене В-тобы витаминдерiн тағайындау; 4) глюкоза, тұз
ерiтiндiлерiн, альбумин, плазма, аскорбин қышқылын, инсулин, кокарбоксилазаны көк
тамырға жіберу; 5) глюкокортикоидтар (1 мг/кг есебiнен преднизолон беру); б) мембрана
405


тұрақтандырғыш қасиетi бар дәрiлер қолдану (токоферол және т.б.). Диспансерлiк бақылау
бала 3 жасқа толғанша жүргiзiлуi тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет