3.3. СПАЗМОФИЛИЯ (БАЛА ТЕТАНИЯСЫ) Спазмофилия (грекше sраsmоs – спазм, құрысу және рhilia – бейiмдiлiк) –
бала тетаниясы, рахиттiк тетания деген, мағанасымен белгiлi дерт. Спазмофилия – сәбидiң алғашқы 6-18 айларындағы құрысу және түйiлу халiне
бейiмдiлiгiмен айқындалатын, этиопатогенезi рахитпен ұқсас ауру.
Көбінесе ұл балаларда, көктем кезiнде, күн көзiнде артығырак болғанда білінеді.
Ауруды айқын және латенттiк (жасырын) түрлерге бөледi.
Оның ларингоспазммен, тыныстың тоқтап қалуы және есiнен тануымен белгiлi
жедел ағымды ұстамасы – сәбиді тез жандандыру амалдарын қажет ететiн кауiптi хал-
жағдайдын бiрi болып келеді. Қауiптiлiгi сәбидiн тез арада қайтыс болып кету мүмкiндiгi,
тетаниянын ұзаққа созылған ұстамасының өзi орталык нерв жүйесiне үлкен зақым
келтiредi, даму барысында ақыл-ойының қалыс қалуы мумкiн. Алайда, 2-3 айлық
сәбилердегi құрысу ұстамалары спазмофилияға сырттай ұксас көрiнгенiмен, олардын
негiзiнде гипоксиялар мен туу кезiндегi жарақаттар және т.б. жатады.
Этиологиясы. Д витаминiнiң көп мөлшерiн бiрден қабылдағанда, жазғытұры күн
көзiнде
ультракүлгiн сәулесi мол кезде, сәби ашық, жалаңаш күнінде ұзақ уақыт болғанда,
қалқаншамаңы бездерiнiң қызметi бұзылғанда, кальцийдiң iшекте сорылуы азайып немесе
зәрмен оның артық шығып кетуiне байланысты қанда гипокальциемия пайда болғанда
спазмофилия ұстамалары көрініс береді. Олардан басқа, қандағы магний, натрий,
хлоридтер, В
1
, В
6
витаминдерi азайғанда, пилоростенозда, құсқанда, дене қызуы
жоғарылағанда, көп жылаудан, сәбидi қатты ораудан да пайда болады.
Патогенезi. Спазмофилияның дамуында фосфор-кальций алмасуының бұзылысыны-
ңда маңызы бар. Қанда кальций 1,464-1,867 ммоль/л мөлшерiне дейiн төмендейдi
(қалыпты көрсеткіші – 2,614-2,739 ммоль/л), бейорганикалық фосфор 2,584 ммоль/л-ге
дейiн жетедi, одан да асады.
Мұндай салыстырмалы гиперфосфатемия иондалған кальций мөлшерiнiн азаюына
әкеледі. Әдетте қандағы кальцийдің жартысына жуығы белокпен байланыстық қалғаны
байланыспаған және көбiнесе иондалған екенi белгiлi. Қан кұрамында иондалған кальций
деңгейi төмендеуiнiң аурудың дамуында мәнi зор. Тетания кезеңде рахитке тән ацидоз
орнына алкалоз дамиды, осыдан шеткi нерв жүйелерiнiң қозғыштығы артады. Бір
мезгiлде жүйке жүйесiн қайта қоздыруға әкеп соқтыратын калий мөлшерiнiң артуы
байкалады. Спазмофилияға бейiмдейтiн жағдайдың бiрi гипокальциемия болып табылады.
Спазмофилияның жиiлiгiн және оның рахитпен байланысын мыналар дәлелдейдi:
көктем айларында рахитпен ауру балалардың күн көзiнде көп болуының әсерiнен ағзада Д
витаминiнiң түзiлуi артады. Бұл кезде қанда байланыспаған фосфор деңгейi арытып,
ацидоз алкалозға айналады, сүйекте әктiң қайта сіңуі күшейедi, гипокальциемия дамиды.
Осылардың салдарынан жүйке жүйесi қозып, тетания көрiнiсі білінедi. Спазмофилияда
гипокальциемияның дамуы кальций алмасуын реттеушi қалқаншамаңы бездерiнiң
жетекшi ролiмен белгiлi бiр теуелдiлiкте болады.
Сонымен, гипокальциемия, әсiресе оның иондалған түрiнiң азаюына байланысты,
алкалоз дамуы, қандағы калий мөлшерiнiң артуы спазмофилияның негiзгi даму тетiктерi
болып табылады және олар жүйке жүйесiн шектен тыс қоздырады. Алайда, кейбiр ғалым-
дардың көзқарастары бойынша, спазмофилия ұстамалары негiзiнде гипокальциемия емес,
жүйке-бұлшықет қозғыштығының жоғары болуы жатады. Осы тұрғыда спазмофилияны
организмнiң өзінің құрысуға бейiмдiлiгi және эписиндромга жақындығы деп карайды.