көмiрсу мен майы өте аз тағамдар есебiнен (сұйық манна ботқасы, картоп не көкөнiс
пюресi, айран, сүт) берiледi. Мiндеттi түрде, iшектен кетон денелерiн шығару үшiн,
тазалайтын клизма жасалады. Эссенциале-форте (күнiне 1-2 капсуладан 1-2 апта бойы)
немесе В
12
витаминi (бұлшықетке 10-300 мкг, күнара, барлығы 3- 5 рет) тағайындалады.
Ацетонемиялық құсу кезiнде ацидоз, дегидратациямен күрес, кетон денелерiн
шығаруды күшейту мен ыдырату бағытында жүргiзiледi. Осы мақсатпен ауыр ұстама
кезiнде 5% глюкоза ерiтiндiсiн немесе оның 10%-тiк, ерiтіндісінің жарты мөлшерiн 0,9%-
тiн натрий хлоридiнiң ерiтiндiсiмен толықтырып, аскорбин қышқылын, кокарбоксилаза,
эссенциале-фортенi қанға жiбередi. РН 7,2 не одан кем болса, 4%-тiк натрий гидро-
карбонаты қолданылады. Мiндеттi түрде тазарту клизмасы жасалып, асқазан шайылады.
НаД-дi балаларға патогенетикалық көрсеткiш ретiнде кальций пантотенаты (тәулiгiне
100-150 мг), калий оротаты (50-100 мг/кг тәулiгiне), аллопуринол (тәулiгiне 10 мГ/кг)
курстарын қайталап, урикозурикалық (этамид не атофан, бояушы марена, цитрат қоспасы,
гепатотроптық (ЛИВ-52, эссенциале т.б.) дәрiлермен қоса беру тиiмдi. Бұл балалардағы
субфебрилитет арнайы емдi қажет етпейдi, тек инфекция ошақтарының жоқтығына көз
жеткiзген соң, режим, диетаны орайластырылып, седативтiк дәрiлер берiлсе, жетедi.
Достарыңызбен бөлісу: