Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет416/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Клиникасы.
Емшек жасында-ақ нерв қозғыштығының жоғарылығы байқалуы
мүмкiн. Өсе келе, бұл одан да әрi жоғарылап, мысалы, маса шаққанда да айқаулауы
417


мүмкiн. НаД кезiнде баланың психикалық дамуы өз жасынан iлгерi, бiлуге құштар,
жылдам, айтқан, оқыған деректердi тез түсiнiп, есiне жақсы сақтайды. Бұндай балалар
көбiне вундеркинд деп саналады. Әдетте бұл балалардың нерв жүйесiнiң типi ұшқалақ,
қозбалы болып келедi. Түнде қорқу, тик, хорея тәрiздi ұстамалар жиi байқалады. НаД-нiң
жиi симптомы – емге бой бермейтiн тұрақты анорексия. Балалардың көбi – арық, тек
кейбiрi сәбилiк кезден толықтыққа бейiм. Кейде, әсiресе қыздар, балығи жасқа қарай,
жылдам толысады. Көбiне таңертеңгiлiк ауыздан ацетон иiсi (шiрiген жемiс иiсi) сезiледi.
Тәбетiнiң төмендiгiне қарамастан үлкен дәретiнiң мөлшерi көп.
Дисметаболикалық синдром.
НаД-дi балаларда оқтын-оқтын кенеттен не шамалы
дымқостықтан кейiн (қозу, бас ауыруы, анорексия, лоқсу, iш тоқтауы, кейде нәжiстiң
түссiзденуi) қайталамалы 
ацетонемиялық
құсу 
пайда болып, ол 1-2, не одан да көп күнге
созылып, iшi түйіліп, ауыздан ацетон иiсi шығады. Кейiнiрек эксикоз белгiлерi өрбiп,
шулы токсикалық тыныс, гемодинамикалық бұзылыстар, гипертермия, комаға ұласады.
Бұл жағдайға жедел ағымды аурулар, стресс, етi, майы мол, көмiрсуы аз тамақты, аса көп
мөлшерде қабылдау, зорлап тамақтандыру себепшi болуы мүмкiн. Криз кезеңiнде қанда
кетон денелерi, аммиак, зәр қышқылы, ВЕ жоғарылап, рН төмендейдi (метаболикалық
ацидоз).
НаД-дi науқастарда дене қызуының түсiнiксiз көтерiлуi, сақина ұстамасы, оқтын-
оқтын iштiң түйілуi, уртикарлық бөртпелер, маса шаққаннан кейiн қышымалы папулалар,
Квинке iсiнуi, есекжем, астматикалық бронхит, бронх демiкпесi бiлiнуi мүмкiн.
Урикозуриялық нефропатия протеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия-
мен, бүйректiң концентрациялау қабiлетiнiң төмендеуiмен, интерстициалдық нефритпен,
артериалдық гипертония, пиелонефритпен, уролитиазға бейiмдiлiкпен сипатталады.
НаД-де инфекциялық агенттерге тұрақтылық өзгермейдi, инфекциялық аурулардың
жиiлiгi бұл балаларда, әдетте, диатезi жоқ балалардыкiмен бiрдей. Подаграға тән
ұстамалар кездеспегенмен, олардың көбi оқтын-оқтын болатын буын ауыруына шағым
жасайды. Бұл кеселмен сырқат балалар жақсы оқиды, көбiнде өнерге, дәл ғылымдарға,
шығармашылыққа деген қабiлетi зор келедi.
Диагноз
қоюда отбасылық анамнезiнде заттек алмасу ауруларының кездесуiн, нерв
жүйесiнiң жоғары қозғыштық белгiлерiн, айқын заттек алмасу бұзылыстарын; спазм,
ерекше аллергиялық көрiнiстерге бейiмдiлiктi негiзге алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет