Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет422/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Алдын-алу.
Табиғи қоректендіру, гипогалактияны ерте анықтап, ұтымды емдеу,
жасына сәйкес дұрыс тамақтандырып, оны кеңейту. Тағамның дәрумендермен жеткілікті
толтырылуы, күтім мен режимді жасына сай ұйымдастыру, рахиттің алдын алудың
маңызы зор, фондық ауруларды ерте анықтау және дұрыс емдеудің орны ерекше. Алдын-
алудың маңызды бөлігі тұрақты деңсаулығын антенатальды корғау болып табылады.
422



5.2. ГИПОСТАТУРА
Гипостатура
– (гр. – hypo – аз (төмен); statura – бойы, мөлшері)
баланың дене
ұзындығы мен салмағының бірдей деңгейде, қоректілігінің (торлануының)
қанағаттанарлығымен қалыс қалуы байқалатын дистрофия.
Этиологиясы.
 
Торланудың созылмалы бұзылыстарының бұл түрі туа біткен жүрек
ақауларымен, мидың даму ақауларымен, эндокриндік немесе тұқымқуалайтын аурулармен
байланысты. Гипостатура себептерін жойғаннан кейін (егер ол мүмкін болса) балалар дене
дамуында өз құрдастарын қуып жетеді. Сонымен қатар, гипостатура біріншілік
гипотрофияны емдеу кезінің сатысы болуыда мүмкін. Гипотрофиядан сауығу кезінде
теріасты шел майы тезірек жиналады да дене ұзындығы айтарлықтай жәй қалыптасады. 
Гипостатураның патогенезінде трофикалық процесстің нейроэндокриндік
реттелуінің екінші реттегі бұзылыстары негізгі орын алады.
Клиникалық көрінісі.
Бала өзінің физикалық және психомоторлық даму деңгейі
бойынша кішірек жастағы бала сияқты болып көрінеді. Дене ұзындығы жасына сәйкес
тиісті көрсеткіштен төмен болады, ал дене салмағы ұзындығына сәйкес келеді, теріасты
шел майы қанағаттанарлық деңгейде болады. Жүйке жүйесінің дамуы құрдастарынан
қалыс қалады, тістердің шығуы, сүйек тінінің жетілуі («сүйектік» жас) кеш жүреді.
Баланың биологиялық жасы күнтізбелік жастан кем қалады, дене ұзындығы мен
салмағына сәйкес келеді. Бұндай балаларда ІІ-дәрежелі гипотрофияға тән клиникалық
белгілер (терідегі трофикалық бұзылыстар, полигиповитаминоз, диспротеинемия, ішектен
майдың абсорбциясының төмендеуі, қандағы фосфолипидтердің, α-липопротеиттердің
деңгейінің төмендеуі, аминоацидоурия) сақталып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет