Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет423/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы.
 
Гипостатура байқалатын балаларды гипопластик балалардан
(дене ұзындығының өсуінің конституциональды тоқырауы) ажырата білу керек. Оларда
трофиканың бұзылыстары анықталмайды, тіндер тургоры, бұлшық ет тонусы жақсы
болады, нервтік-психикалық даму деңгейі жасына сәйкес келеді, тағамға толеранттылығы
және иммунитет бұзылмаған болып келеді. 
Гипостатура байқалатын балаларда әртүрлі нанизмнің болуы мүмкін екендігін естен
шығармау керек:

дене қаңқасының дөрекі бұзылыстары тән болып келетін пропорциональды
емес нанизм (хондриодистрофия, сүйектердің туа біткен сынғыштығы, рахиттің
Д витаминдеріне берік түрлері, ауыр Д витаминге тәуелді рахит)

әдетте, ересек кезеңде байқалатын пропорциональды нанизм (премордиальды,
гипофизарлық, тиреоидты, церебральды, жүректік және басқалар).
Емі.
 
Гипостатураның емі дистрофияның себебін (біріншілік ауруды) жоюға
бағышталады, емдәм қағидалары ІІ-дәрежелі гипотрофиядағы сықылды болып келеді.
Алдын-алу
 
гипотрофияның ауыр түрлерінің алдын алу шараларынан, ауыр сомати-
калық және нейроэндокриндік аурулардың алдын алу және оларды қалыптастырудан
тұрады.
5.3. ПАРАТРОФИЯЛАР
Паратрофия
– 
дене салмағының жетіспеушілігі болмайтын, заттек алмасуының
ауытқулары байқалатын торланудың созылмалы бұзылыстары
. Паратрофияның бірнеше
варианттары бар: дене салмағы мен ұзындығы қалыпты паратрофия, жасқа сәйкес
көрсеткіштерінің пропорциональды артуы байқалатын партрофия, дене салмағы шектен
тыс артық паратрофия. Қазіргі кезде торланудың созылмалы бұзылыстарының кең тараған
түрі болып есептеледі.
Этиологиясы
.
Паратрофияның дамуына лимфатикалық-гипопластикалық және
экссудативті-катаральды диатездер себепкер. Паратрофияға жиі инфекциялық аурулармен
423


сырқаттану, анемия бейімдейді. Анасы жүкті кезінде жанжақты тамақтанбай, тағамдық
жүктеме шектен тыс болса, кейбір метаболизмнің бұзылыстарында (мысалы қант
диабетінде) паратрофия пренатальды кезеңде қалыптасуы мүмкін. 
Паратрофияның дамуының негiзгi себебi – негізгі тағамдық ингредиенттердің
тиімді тепе-теңдігін сақтап, дұрыс тамақтанбауда болып келеді:

тағам құрамында көмірсулардың шектен тыс болуы (бейімделген қоспалар
дайында-ғанда, ұнтақтың мөлшерін тиісті көлемнен артық алу, күніне ботқа
күйінде бірнеше қосымша тамақ беру, банандарды, печеньені көп беру, тәтті
шырындарды, шәйді көп беру);

ақуыздарды шектен тыс қолдану (тағам құрамында сиыр сүтінің, сүзбенің,
белоктық энпиттің және т.б. көп болу);

күтім кемшіліктеріне байланысты (массаждың, гимнастиканың, таза ауада
қыдырудың болмауы).
Анасынан көп мөлшерде емiлетiн суттiң әсерi тiкелей дәлелденбеген. 
Патогенезі.
Көмiрсу және белоктармен артық қореқтендiру iшек дисфункциясына,
онын кейбiр ферменттер жүйесiнің тежелуіне (дисферментемия), дисбактериоз,
бактериалдық флоранын iшектiң жоғарғы бөлiктерiн көтерілуіне, анемия, эндогендiк
улануға, ацидоз, гиповитаминоз(дар) мен жиi инфекцияларға әкеледі; 

ақуыз, көмірсулар (липогенез және анаболикалық әсерімен гиперинсулизм),
витаминдер, су-тұз алмасуы бұзылады;

инфекцияға қарсылығы төмендеп, жиі инфекциялық аурулурмен ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет