Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет446/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Диагноз
 
– анамнез, баланы сыртқы қарау, артқы немесе алдыңғы риноскопия
мәліметтері негізінде қойылады. Аденоидтардың ұлғаю дәрежесі 3 дәрежемен
анықталады. Аллергиялық аденоидиттерге күман туса, аллергиялық зерттеулер жүргізіледі
(тиісті бөлімді қара). 
Емі.
Жедел аденоидиттерді тамыртарылтушы дәрілер, 1-2 % проторгол ертіндісін
тамызып, аква мариспен жуып емдейді. Амоксициллин, амоксициллин клавуланат, оспен,
макролид тобы антибиотиктері қолданылады. 
Инфекциялық этиологиялы созылмалы аденоидитте аденотомия жасайды. Оған
көрсеткіш болып аденоидттардың гипотрофия дәрежесі және асқынуларының болуы
(қайталатын отиттер, есту қабылетінің төмендеуі, синуситтер және т.б.) есептеледі. Оталау
емі алдында жергілікті консервативті ем курсын және ауыз қуысын санациялау
жүргізіледі. Аденоидты тіндердің гипотрофиясының себебі аллергиялық болса,
аденотомияға сақтықпен қарау керек. Бұндай жағдайда емдеу элиминациялық шаралардан
басталып, жергілікті емнен және антигистаминді базистік ем жүргізіледі (екінші ұрпақты
антигистаминді дәрілер (зиртек), кетотифен).
6.1.2. ЖИІ АУЫРАТЫН БАЛАЛАР
Жиі ауыратын балалар (ЖАБ). 
Өткінші, организмнің қорғаныс жүйесінде қалып-
тастыруға болатын және оларда тұрақты органикалық өзгерістер болмайтын жоғары
және төменгі тыныс жолдарының зақымдалуына бейім балаларды жатқызу
қабылданған.
ЖАБ нозологиялық бірлікте, диагнозда емес. Жасына және әлеуметтік жағдайына
байланысты бұндай балалар балалар популяциясының 15-75 % құрайды. ЖАБ тобына
жатқызу жылына байқалатын ауру эпизодтарының жиілігіне және жасына байланысты
жүргізіледі.
70 КЕСТЕ
БАЛАЛАРДЫ ЖАБ ТОБЫНА ЖАТҚЫЗУ КРИТЕРИЯЛАРЫ
(Альбицкий В.Ю., Баранов А.А., 1989)
Жасы
ЖРА жиілігі (эпизод\жыл)
Бір жасқа дейінгі балалар
3 жасқа дейінгі балалар
4-5 жас аралығындағы балалар
5 жастан асқан балалар
4 рет
 
және оданда көп
6 рет және оданда көп
5 рет және оданда көп
4 рет және оданда көп
Балалардың жиі респираторлық аурулармен ауру себептерін 2 негізгі топқа бөледі: 
Қауіптің эндогенді факторлары:
- баланың анте- және постнатальды кезеңдерде жағымсыз дамуы: шала туылу,
морфофункциялық жетіспеушілік, гипотрофия, анемия, рахит, ерте жасанды
тамақтануға ауысу және басқалар;
- конституцияның лимфатикалық-гипопластикалық және экссудативті-катаральды
ақаулары;
- жасына сәйкес арнайы дәнекер тіндердің дисплазиясы;
- орталық және вегатативті нерв жүйесінің патологиясы;
- клегейлердің, терінің, ішек- қарын жолдарының, бронх-өкпе жүйесінің дисбиозы;
439


- мұрынжұтқыншақ (аденоидит, тонзиллит және басқалар) және ауыз қуысының
созылмалы инфекция ошақтары;
- туберкулез микобактерияларымен инфекциялану;
- біріншілік және екіншілік цилиарлы дискинезия;
Қауіптің экзогендік факторлары:
- ЖРА қоздырғыштарының контагиоздығының жоғары болуы;
-
халықтың салауатты өмірдің маңызын түсінбеуі;
-
отбасының әлеуметтік жағдайының жағымсыздығы, материалдық және мәдениеттілік
деңгеінің төмендігі;
-
отбасында созылмалы инфекциялы ошақтары бар ересектер мен балалардың болуы;
-
балалардың мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ерте баруы;
-
пассивті шылым шегу;
-
тағамында микронутриенттердің тапшы болуы;
-
иммундық жүйеге йатрагенді әсер ету (антибиотиктерді, дифенинді, салицилаттарды
және басқаларды жиі және ұзақ қолданғандағы иммуносуприссивті әсер);
-
экологиялық бұзылыстар.
-
Ерте жастағы ЖАБ-да алғашқы және екіншілік иммундықтапшылықтың, құрсақішілік
инфекцияның: муковисцидоз, жүрек ақаулары, бронх және өкпе даму ақаулары, бронх-
өкпе дисплазиясы – бар жоғын анықтау керек. Сонымен қатар ЖАБ деген түсінікпен
рецидивті обструктивті бронхиттер, аллергиялық респираторлық аурулар, алғашқы ци-
лиарлық жетіспеушіліктері, бронхоэктатикалық аурулар, қант диабеті болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет