Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет445/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.1.1.7. А Д Е Н О И Д И Т
Балаларда жұтқыншақтағы бадамша бездердің, әсіресе мұрынжұтқыншақта,
орналасқандардың гипертрофиясына, яғни аденоидтарға бейімділік байқалады.
14 жасқа
дейінгі балалардың 5-25%-да аденоидты тіндердің гипертрофиясы болады. Жыныстық
даму кезеңінде, әдетте, аденоидтар атрофияланады. 
Этиологиясы.
Жедел аденоидиттің қоздырғыштарына стрептококктар
,
стафилокок-
ктар, пневмококктар, вирустар жатады. Балалардың иммундық реактивтілігінің ерекше-
ліктері және жиі қайталайтын аденоидтардың жедел қабынуы созылмалы аденоидиттердің
дамуына бейімдейді. Аллергиялық диатездері бар балаларда аденоидты тіндердің гипер-
трофиясының және созылмалы аденоидиттердің дамуында инфекциялық емес экзогендік
аллергендердің (тағамдық, отбасылық) маңызы зор.
Клиникалық көрінісі.
Жедел аденоидит дұрысында ретроназальды баспа болып
келеді және жедел инфекциялық қабынудың барлық клиникалық белгілері болады: дене
қызуының көтерілуі, мұрнының бітелуі, құлағының ауруы, түнде ұстама тәріздес жөтел,
мойын және жақбұрышы лифма түйіндерінің үлкеюі және ауырсынуы.
Созылмалы аденоидиттің клиникалық белгілері негізінен мөлшері ұлғайған
аденоидтар мұрынмен дем алуды қиындатып немесе мұрынды толық бітеп, есту
түтікшелерінің вентиляциясын нашарлатып, жұтқыншақ функциясын бұзып, баланың
жалпы дамуына жағымсыз әсер етеді. Мұрында және қосымша қуыстарда іркеліс пайда
болып мұрын кілегей қабатында ісіну мен созылмалы қабынуға, тұтқыр қоюклегей
жиналуына әкеледі.
Кілегейлі-іріңді бөліністің көмейге ағып келуі, ауызбен демалуына байланысты
жұтқыншақ пен көмейдің клегейінің құрғауы рефлекторлы қатты жөтелге, әсіресе түнде,
әкеледі. Балалар ұйықтағанда аузын ашып жатады, кейде ұйықтағанда қорылдайды.
Ертеңгісін, бала ұйқыдан тұрғанда, әлсіздік, патия сезеді, басының ауырғанына
шағымданады. Фонация бұзылады, дауыс өзінің тембрін жояды, маңқалық сипат алады –
жабық маңқалық пайда болады. Ұлғайған аденоидтар есту түтікшесін жауып, есту
қабылетін айтарлықтай төмендетеді, отиттер мен синуситтердің рецидивіне әкеледі. Бұлар
баланың зейнін нашарлатады, сөйлеу қабылетінің дамуы тоқырайды, мектепте оқу
жағдайы қиындайды. 
Аденоидиттің ұзақ дамуы аденоидтық бет қалыптастырады: аузы ашық, мұрын-ерін
қыртысы тегістелген, мұрын желбезегінің қалыңдауы, жоғары жақтың сына тәрізденуі,
438


жоғары жақтың альвелярлы өсіндісінің тар болуына байланысты тістерінің дұрыс
орналаспауы, бетінің парықсыздық (немқұрайлық) түр қабылдауы. Ауыз арқылы тыныс
алғанда салқын, ылғалданбаған және дұрыс тазаланбаған ауа төменгі тыныс жолдарына
түседі де, жиі респираторлық аурулармен ауруға әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет