2. Бронхоэктаздармен болып бөлінеді.
Ауырлығы бойынша: көлемі және зақымдалу сипатымен, қайта өршу жиілігімен
және оның ұзақтығымен: жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі болып жіктеледі.
Ауыр кезеңі бойынша: қайта өршу, ремиссия (сауығу).
Пневмосклероздың дамуының 1 дәрежесі –
дистелектатикалық; ателектаз,
гипоателектаз және эмфизема
бөліктері бірінен соң бірі кезектесіп отырады, бірақ
ауалық бөлігі, соның ішінде эмфизематоздық альвеолалар бөлігінің көптігі сондай,
сегмент өзінің көлемін сақтап қалады.
Пневмосклероздың дамуының 2 дәрежесі –
гипоателектаздық дәрежесі
; кей
жерлерде толық ателектазы бар бөлігі гипоателектаздық бөлікпен кездесіп отыратын,
ауалық бөлігі жартылай сақталып қалған өкпе тінінің болуымен сипатталады. Алайда,
сегменттің үрленіп тұруы – оның алғашқы көлемін сақтауы үшін жеткіліксіз.
Пневмосклероздың ателектаздық сатысы
– 3 дәрежесі.
Бұнда өкпе тінінің үрленуі
жоғалған, өкпе тіні склероз (дәнекер) тінімен алмасқан, барлық ұсақ бронхтар және қан
тамырлары склероз тінімен сығылған және кей жерлерде бітеліп, тығындалып қалады.
Бронхтардың сипаты бойынша:
Бронхтар зақымдалған болса, деформацияланған бронхитті сипаттайды:
катаральды эндобронхит, катаральды- іріңді эндобронхит.
Бронхоэктаздар – цилиндр тәріздес және аралас. Қапшық тәріздес және аралас
түрлерінде көбіне іріңді эндобронхиттер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: