Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ІV. Клиникалық көріністері бойынша –



Pdf көрінісі
бет502/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

ІV. Клиникалық көріністері бойынша – 
синдромдар мен аурулар беріледі (мысалы:
экзема, бронхиальды астма және т.б.).
V. Клиникалық көріністерінің фазасы бойынша:
- өршу;
- толық емес клиникалық ремиссия;

толық клиникалық ремиссия.
IV. Элиминациялық шаралардың кезеңдері бойынша:

қатаң элиминация;

мөлшерлеп аллергендер енгізу;

сандық шектеулер;

еркін тамақтандыру.
Тағамдық аллергияның дамуына бейімдейді:

тұқымқуалайтын ішек-қарын жолдарының созылмалы және аллергиялық
аурулары;

жүктілік кезінде жоғары аллергенді өнімдер (облигатты өнімдер) немесе анасының
бала кезінде аллергиялық реакция тудыратын тағамдарды қабылдауы; шектен тыс
сүт өнімдерін қабылдау, дәрі-дәрмектік ем (екі қабат әйелде гестоз немесе ішек-
қарын аурулары байқалғанда);

туғаннан кейін кеш емізуден нәрестенің өткінші дисбактериозының созылып кетуі;
бала емізетін ананың гипоаллергендік емдәмді сақтамауы;

ерте жасанды тамақтандыру;

ішек-қарын жолдарының созылмалы, жедел аурулары, ішек дисбактериозы, пайда
болған гиповитаминоздар (әсіресе, жиі А және Е, немесе/және мырыштың,
селеннің, мыстың, карнитиннің, тауриннің тапшылығы);

қоршаған ортаның күйзелістік (агрессивтік) әсері: ішетін судың өсіп келе жатқан
«жаугершілігі», радионуклеидтердің аз мөлшерінің ұзақ әсері, тағамдық өнімдерді
өндірістік консервілеу ксенобиотиктері ішек-қарын жолдарының кедергілік
функциясын төмендетеді және барлық иммунологиялық реттеуді бұзады, соның
салдарынан тағамдық толеранттылығының бұзылуы тереңдей түседі.

туа біткен және пайда болған секреторлық иммунитет тапшылығы.
Этиологиясы. 
Балаларда жиі тағамдық аллергия тудыратын кең тараған тағамдар-
ға (әсерінің әлсіреу ретімен) келесілер жатады: сиыр сүті, жұмыртқа, балық, жержаңғақ
486


(арахис), қытай бұршағы (соя), орман жаңғақтары, шаянтәрізділер, дәнді дақылдылар.
Сиыр сүтінде 25 антиген бар, олардың ішінде аллергенділігі жоғары β-лактоглобулин,
казеин, сарысулық альбумин, α-лактоальбумин болып келеді. Олардың көбінің антиген-
дік қасиеті қайнатқанда жоғалады (β-лактоглобуллин мен казеин
төзімдірек болады).
Түрлі арнамалы ақуыз болып табылмайтын казеинге
сенсибилизация байқалғанда қилы-
стық реакция басқа жануарлап сүтіне байқалуы мүмкін. Балық аллергендері ыссылыққа
берік болып келеді де, өзінің антигендігін гидролизденгенде сақтап қалады. Тауық жұ-
мыртқасының ақуыздарының (овальбумин, кональбумин, лизоцим, овомукоид, жұмырт-
қаның сарысында да болатын вителлин) айқын аллергендік антигендік қасиеті болады
және ол қыздырғанда (қайнатқанда) сақталып қалады. Жұмыртқа ақуыздары арнаулы
емес, сондықтан әртүрлі құстар жұмыртқасына қиылыстық реакциялар байқалуы мүмкін
Өсімдік тектес тағамдардың ішінде ең жоғары аллергендік қасиет келесі тағамдар-
да байқалады: цитрустар, шабдалы, алма, құлпынай, бүлдірген, қаражидек және т.б.
Жиірек бидай, сұлы, жасыл бұршақ, арахис ақуыздарына сенсибилизация
анықталады.
ТА-да жиі қилыстық аллергия дамиды. Мысалы: саңырауқұлаққа сенсибилизация-
ланған науқаста ашытқы қамырына, сырға (сүзбеге), ащысүт тағамдарына аллергия
байқалса, алмаға сенсибилизация байқалатындарда қайың тозаңына аллергия байқалады,
жүзімге аллергиясы бар балаларда алабота (көкбек) тозаңына сенсибилизация білінеді.
ТА байқалатын балалардың көпшілігіне поливалентті немесе құрамдас сенсибилизация
тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет