Артық мөлшерде қолдану белгілері:
тремор, жүрек айнуы, құсу, тахикардия,
аритмия, галлюцинация, құрысу, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Адреналиннің бронхолитикалық әсерінен басқа миокардтың ß
1-
адренорецеторлары-
на әсер ететін қасиеті бар, сондықтан тахикардия және жүрек жұмысының күшеюі
байқалады, ал α-рецепторларының қозуына байланысты, қан қысымы жоғарлайды.
Метилксантин қатарының дәрілері – эуфиллин бронхолитикалық әсер етіп, тыныс
орталығын қоздырады, коронарлы, өкпе және бүйрек тамырларын кеңейтіп, жүрек етінің
жиырылуын күшейтеді, кіші қан айналымындағы қысымды төмендетеді. Эуфиллин
цАМФ-ты бұзатын фосфодиэстеразының әсерін тоқтатып отырады да, бронхтардың етінде
цАМФ көбейіп кетіп, соның нәтижесінде бронхтар босай бастайды. Соңғы жылдары
эуфиллиннің әсерін, оның простогландиндерге әсер етуімен байланыстырады, яғни
адинилатциклазына белсендіріп, клетка ішіндегі цАМФ-ты көбейтеді. Бронхолитиктерді
жеке, дара сезімталдығы бойынша тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: