Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Спонтанды (жедел) пневматорокс



Pdf көрінісі
бет539/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Спонтанды (жедел) пневматорокс 
бронхиальды астманың сирек кездесетін
асқынуларының бірі болып саналады. Айқын тыныс тапшылығы, кеуде қуысының
зақымдалған бөлігінің ауруы, оның тыныс алудан қалыс қалуы, орталық көкірек
қуысының қарсы жаққа ығысуы, қорап реңді өкпе дыбысы байқалады. Пневмоторакс
туралы күдік туғанда рентгенография жасау керек.
Медиастинальды эмфизема және тері асты эмфиземасы
бронхиальды
астманың асқынуларының сирек кездесетін түрі. Өкпе тканінің жыртылуы, ауаның интер-
стициальды тканға, одан әрі бронхтардың бойымен өкпе түбіріне, орталық көкірек қуысы-
на және мойын терісінің астына таралуынан пайда болады. Клиникалық белгілері шамалы
517


байқалады (басқанда крепитация байқалады) немесе тіптен болмайды, тек рентгенограмма
жасағанда анықталады. Кейде кеудесі ауырып, цианоз, коллапс байқалуы мүмкін.
Неврологиялық бұзылыстар
 
ұстама кезінде баланың қатты ауыруымен, астениялық,
истериялық белгілермен анықталады. Дерт ұзақ дамыған кезде әртүрлі невроздар
байқалады. 
Ажыратуы.
 
Бронхиальды астманы бронхиолитте, әсіресе, пневмонияда кездесетін
обструктивті синдромнан ажырата білу керек. Пневмония көбіне токсикоз белгілерімен
және тыныс жетіспеушілігі, дене қызуының көтерілуі және пневмонияның басқа
белгілерімен дамиды. Бронхтың тарылуы аллергияға байланысты емес. Венаға жіберген
эуфиллин астмада тиімді болады.
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде денеде
тыныс алу жолдарының бұ-
зылыстары күрт пайда болады да (кейде анамнез көмектеседі), жедел тұншығу ұстамасы,
жалпы цианоз, ұстамалы жөтел байқалады. Кішкене бөгде денелерде көбіне зорланып
ұстамалы жөтелу байқалады. Қандай жағдайда жөтел басталғанын, баланың қолында ұсақ
заттар болған-болмағанын, олардың түгел-түгел емес екенін анықтаудың маңызы зор.
Крупта
(көмейдің тарылуы) тыныс бұзылыстары, әдетте кешке немесе түнде,
ЖРВИ-мен ауырған балаларда байқалады. Қызба, токсикоздың белгілері, даусының
қырылдап шықпай қалуы, үрмелі жөтел, инспираторлы ентікпемен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет