бойына. Бұл тәсіл сақтықпен қолданылады, себебі оның көптеген қарсы көрсеткіштері мен
асқынулары бар. Соңғы жылдары оның орнына ибупрофен қолданады. Оталық емге
көрсеткіш болып 8-12 аптылық балада ашық аретриялық өзектің анықталуы есептеледі.
Себебі, бұдан кейін оның жабылу мүмкіндігі өте төмен болып келеді және өте кішкене
болсада мүкістіктің болуы екіншілік асқынулардың себебі болуы мүмкін. Кішкене ААӨ-те
операция жасаудың тиімді кезеңі болып 2-5 жас арасы есептеледі. Қанайналым
жетіспеушілігі байқалатын үлкен ААӨ-те операция жедел түрде жасалады. Жоғары
склеротикалық өкпе гипертензиясы байқалса, оталық ем жасауға болмайды.
КІШІ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ АЗАЮЫМЕН ӨТЕТІН ТУА БОЛҒАН ЖҮРЕК
АҚАУЛАРЫ
Кіші қан айналымының азаюы оң қарыншадан аққан қанның жолында кедергінің
пайда болуы. Бұндай ақаулардағы гемодинамикалық өзгерістер ақаудың сипаттамасына
емес, оның тарылуына байланысты. Жекелеген кедергілер болуы мүмкін, бірақ көбіне бұл
ақаулар басқа аномалиялармен қосарланады да, жүректің оң бөлігінен сол жаққа
айдалатын қан мөлшерін анықтайды, демек тінге баратын қанның оттегімен қанығуын
төмендетеді.
Науқастың негізгі шағымдары тахипноз және көптеген ақауларда үдемелі цианоз
болып есептелінеді. Ерте жастағы балаларда тахипноз цианоздың арытуымен, кейде
есінен айырылуымен анықталатын гипоксемиялық ұстамалар байқалады. Ұстамалар
ОНЖ-де компенсацияланбаған оттегі жетіспеушілігінде байқалады. Әдетте, ұстаманың
үдеуіне гипохромиялық анемия әсерін тигізеді, көбіне ми қан айналымы бұзылады.
Ақаудың терминальды сатысы геморрагиялық диатездің дамуымен жүректің оттегі-
нің үдемелі жетіспеушілігімен немесе созылмалы жүрек шамасыздығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: