Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ӨКПЕ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРЫЛУЫ (ӨАЖТ)



Pdf көрінісі
бет555/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

9.1.4. ӨКПЕ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРЫЛУЫ (ӨАЖТ)
Қақпақтың сағасының бөлінбеуі қақпақтың тесігін тарылтып, кіші қан айналым
шеңберіне қан айдалуын азайтып, оң жүрекке шектен тыс салмақ түсуіне әкеліп
соқтырады. Өте сирек оң қарыншадан шығар бөлігінің тарылуы байқалады. 
ӨАЖТ-ның бірнеше түрі болуы мүмкін: Өкпе артериясының қақпағының жарма-
сының тарылуы, оң қарыншаның шығаратын жолының қақпақасты (инфундибулярлы)
тарылуы, өкпе артериясының қақпақасты тарылуы. 10% балаларда бұл ақау ЖАПМ-мен
немесе овальды тесіктің бітпеуімен қосарланып Фалло тетрадасы (өкпе артериясының
тарылуы, ЖАПМ, оң қарыншаның гипертрофиясы) тәріздес дамуы мүмкін. Сонымен
қатар, өкпе артериясының тарылуы ААӨ-пен, аорта коарктациясымен қосарлануы мүмкін.
Гемодинамикалық бұзылыстарды компенсациялау оң қарыншаның қан айдау сатысын
ұзарту арқылы іске асырылады. Оң қарыншадан қанның кедергісіз ағуына қарсылық
болуына байланысты және онымен өкпе артериясының арасында қысым айырмашылығы
жоғары болып қалыптасатындықтан біртіндеп оң қарыншада диастолалық қысым артады,
кейінірек бұндай көрініс оң жүрекшеде байқалады. Жүректің оң бөліктерінде гипертрофия
және дилятация пайда болады. Кіші қан айналымында қан мөлшері азаяды. ЖАПМ
немесе овальды тесіктің ашық болуымен қосарланса, қанның веналық-артериялық
айдалуы байқалады.
Науқасты тахипноэ мазалайды. Цианоз науқастың үшінші сатысында, созылмалы
жүрек шамасыздығы дамығанда, пайда болады. Жүрек шекараларының көлденен мөлшері
үлкейеді, төстің сол жағынан екінші қабырғааралықта қатқыл систолалық шу естіледі. ІІ-
тонның өкпе артериясының аймағында әлсірегені, І тонның жүрек ұшында күшейгені
байқалады. Артериялық қысым өзгермейді.
Рентгенмен тексергенде жүректің оң бөліктерінің және әдетте өкпе артериясының
(тарылудан кейінгі кеңеюі) өкпенің тамырлар суретінің азаюы мен үлкеюі анықталады.
533


Өкпе гипертензиясының склеротикалық сатысында тамырлық суреттің азаюы, өкпе
артериясының күрт шығып тұруы, өкпе түбірінің айтарлықтай кеңеюі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет