аорта бағанасының тарылудан кейінгі кеңеюі анықталады, аорта қақпақтарының
кальцинозы байқалуы мүмкін.
Эхокардиограммада
аорталық қақпақтардың систолалық айырылуы азаяды.
Көптеген ғалымдар ақауы 5 сатыға бөлінеді: 1 сатысы – тек тарылу шуы естілетін
толық компенсацияланған саты, 2 сатысы – ентікпе, шаршағыштық, басы айналу сияқты
шағымдар пайда болатын жасырын қан айналу жетіспеушілігі сатысы (алғашқы белгілер
сатысы), 3 сатысы – жүрек-қан айналу жетіспеушілігі: стенокардиялық ауру, есінен тану
байқалады. 4 сатысы – сол қарынша жетіспеушілігі айқын білінеді (өкпеде іркілістік
құбылыстар, өкпе шемені ұстамалары), 5 сатысы – жалпы декомпенсация сатысы. Жүрек
ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы сияқты асқынулар болуы мүмкін. мүмкін.
9.2.6. ҮШ ЖАРМАЛЫ ҚАҚПАҚТЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
Үш жармалы қақпақ шамасыздығы
көбіне ревматимнің үздіксіз қайталама
дамуында байқалады.
Бұндай науқастарда трикуспидальды шамасыздық немесе тарылу
бұрын пайда болған митральды немесе аортальды ақаулармен қосарланады. Митральды
қақпақтардың тарылуында немесе шамасыздығында трикуспидальды қақпақтың
салыстырмалы (шала) жарамсыздығы, балаларда жиі байқалады. Үш жармалы қақпақтың
жекеленген жарамсыздығы, балаларда ұзақ уақыт бойы оң бұғана асты венасында катетер
тұру нәтижесінен пайда болатын, бактериальды эндокардитте байқалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: