ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері болады. Қақпақтың кішкене
ақауларында шу тыңдағанда жақсы естіледі, сол ФКГ-да ол өте айқын естіледі.
Рентгенограммада веноздық іркіліс белгілері анықталады, жүрек көлеңкесінің (қара
дағы) аорталы конфигурациясы оң бөліктерінің үлкеюімен қосарланып байқалады.
Эхокардиографияда диастола кезінде аорталық жармалардың айырылып кетуі және
жоғары жиілікпен митральды жармалардың регургитация толқыны, сол қарынша
дилатациясы, өрме қолқаның кеңеюі қарынша перденің және сол қарынша
қабырғаларының амплитудасының артуы әсерінен, дірілдегені байқалады.
Қолқа жарамсыздығы балаларда көбіне жайлы дамиды, жеке компенсация
белгілерінің пайда болуы ақаудың және миокардтың зақымдалуының ауырлық дәрежесін
көрсетеді.
9.2.5. ҚОЛҚА САҒАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫ (ҚОЛҚАНЫҢ ТАРЫЛУЫ) Ревматизмдегі аорта саңылауының тарылуы көбіне қолқа қақпақтарының жарамсыздығына қосарланады. Гемодинамикасы: жармалардың бір-біріне жабысып қалуынан қанның аортаға
айдалуына қарсылық пайда болады да, сол қарынша гипертрофияланады. Жүрек
тамырларында қан айналуының бұзылуынан бұл ақауға дистрофиялық және
склеротикалық өзгерістер тән болып келеді.
Шағымдары көпке дейін байқалмайды, тек ұйқы артериясына (күре тамырға)
тарайтын 2 тонның әлсіреуімен бірге байқалатын, оң жақтан екінші қабырға аралықтан
анықталатын қатқыл систолалық шу бірден-бір белгісі болады. Алғашқы шағымдар
миокардтың жарамсыздығының пайда болуымен байланысты болады да, ентігу
(алғашқыда денеге салмақ түскенде, содан кейін ұдайы байқалады), жүрек тұсының
ауыруы, басының айналуы және есінен тану (ми ишемиясына байланысты), жүрек соғуы
сияқты белгілері пайда болып, науқас үдейі түседі. Пульстің толықтығы төмендейді,
көбіне брадикардия байқалалды. Жүрек ұшының соққысының жоғары көтерілуі (сол
қарыншаның гипертрофиясының белгісі) көңіл аударады, жүрек шекарасы ұзақ уақыт
қалыпты болады немесе солға кеңейеді (көбіне орташа кеңейеді). Пальпациялағанда, оң
жақтан екінші қабырға аралықта діріл анықталады.