Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДА АЗ ЖҮРЕК ЛАҚТЫРЫСЫ СИНДРОМЫ



Pdf көрінісі
бет599/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

БАЛАЛАРДА АЗ ЖҮРЕК ЛАҚТЫРЫСЫ СИНДРОМЫ
(Э.К. Цыбулькин бойынша 1999 ж.)
Сатысы
Б е л г і л е р і
І
ІІ
ІІІ
Қызбаға байланыссыз тахикардия және ентігу. Пульс пен жүрек соғу жиілігі 
қатынасы: 1жасқа дейінгі балаларда 3,5 немесе одан да жоғары, 1жастан 
үлкендерде 4,5 немесе одан жоғары. 
Үлкен қан шеңберіндегі кідіріс белгілері: бауыр ұлғаюы, периорбитальды 
ісіктер, мойын веналарының ісінуі, беттің ісінуі.
Кіші қан шеңберіндегі кідіріс белгілері: цианоз, бронхоспазм, өкпеде крепи-
тация және кіші көпіршікті сырылдар, өкпе артериясында ІІ тон акценті. 
Жүрек тондарының тұйықталуы, шекараларының кеңуі
Жоғары белгілерге қосылады: олигурия (сирек анурия), перифериялық 
ісіктер (аяқта, жамбаста, сегізкөз аймағында), өкпе шемені
Тотальды іркіліс фонында бірінші систолалық, кейін диастолалық қысымдар 
төмендейді. Жүрек шекаралы айқын кеңейеді.
97 КЕСТЕ 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ҚАНАЙНАЛЫМ
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ
Сатысы
Б е л г і л е р і
І
ІІА
ІІВ
ІІІ
Қанайналым жетіспеушілігі белгілері болмайды. Тек физикалық жүктеме-
ден соң (ұзақ жылау, мазасыздану, тамақтану) балада ентігу, бозғылттық,
әлсіздік пайда болады. Кейде бала емуден шаршайды, емшектен бас
тартады немесе ему кезінде жиі үзіліс жасайды.
Белгілері тыныштық кезінде де байқалады. Аздаған ентігу: тыныс жиілігі
қалыпты көрсеткіштен жоғарылығы 50% дан көп емес. Тахикардия: пульс
қалыптыдан 10-15% жоғары. Бауыр ұлғаймаған немесе сәл ғана ұлғайған
(қабырға доғасынан 3см шығып тұрады). Рентгенологиялық жүрек
көлеңкесінің мөлшерлі ұлғаюы. 
Айқын ентігу (тыныс жиілігі қалыптыдан 50-70% жоғары), тахикардия
(пульс жиілігі қалыптыдан 15-25% жоғары), және гепатомегалия (бауыр
қабырға доғасынан 3-4 см шығып тұрады). Асцит болуы мүмкін. Жүрек
өлшемдерінің айқын өсуі. Бала мазасыз. Тәбеті төмендеген. Кейде құсық
болады.
Жедел ентігу (тыныс жиілігі қалыптыдан 70-100% артық), тахикардия
(пульс жиілігі 30-40% жоғары), үлкен тығыз бауыр. Жүрек шекаралары
кеңейген. Окпеде кідірісті ылғалды сырылдар. Пульс толымдылығы төмен,
асцит, ісіктер, анасарка. Бала әлсіз, қуарған, тәбеті төмендеген.
Диагностика.
Ажырату диагнозы. Қосымша зерттеулер негізгі дертке байланысты
болады. 
Балаларда жүрек жетіспеушілігі белгілерін үш топқа бөлуге болады.
Жүрек қызметінің бұзылысының белгілері
: физикалық дамудың іркілісі, тершеңдік,
кардиомегалия, тахикардия, перифериялық пульс өзгерістері (парадоксальді және
альтернирлеуші пульс), аяқ-қолдың салқындылығы немесе мрамор түсті тері.
583


Кіші қан шеңберіндегі іркіліс белгілері:
тахипноэ, ентігу, жөтел, өкпе сырылы,
ысқырықты тыныс, диспноэ, цианоз және т.б.
Үлкен қан шеңберіндегі веналық іркіліс белгілері:
гепатомегалия, мойын веналарының
ісінуі, шеткі ісіктер және т.б.
Қышқылды-сілтілі жағдайдың өзгерістері тән:

іркілістік жүрек жетіспеушілік (ІЖЖ) шамалы болғанда ентігу нәтижесінде тыныстық
алкалоз дамиды (өкпедегі іркіліске байланысты J-рецепторлардың белсенуі) 

ауыр ағымында өкпе шеменіне және эластикалығының төмендеуіне байланысты
тыныстық ацидоз дамиды, сонымен қатар тін перфузиясының нашарлануына
байлнысты метаболикалық ацидоз дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет