Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет605/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Этиологиясы
мультифакторлық, оның ішінде: 1). тұқымындағы бейімділік (әсіресе
анасы жағынан); 2). анасының осы балаға екі қабат кезіндегі Аг-сы және қан қысымының
сол кезде көбірек төмендеуі; 3) өзіне тән психосоматикалық депрессиямен ұштасатын
ерекшеліктері; 4) вегетативтік нерв жүйесінің реттеу қызметінін бұзылыстары,
холинэргиялық әсерлердің белсенділігі; 5) пубертаттық кезеңнің мәселелері, яғни
эндогендік этиологиялық факторлар.
Экзогендік факторларға:
1) психикасына жағымсыз әсерлер (ата-анасының
алкоголизмі, үйіндегі біреуінің қатты ауруы, өлімі, тұрмысының төмендігі және т.б.); 2)
дене қимылының аздығы мен ақпараттың көптігі; 3) инфекция ошақтары, жиі
респираторлы-вирустық аурулармен ауыру; 4) күндік режимінің тиімді болмауы, оның әр
түрлі жолмен бұзылуы және т.б. жатады. Көбінесе Аг бар балаларда осы факторлардың
бірнешесі қатар әсер ететінін анықтауға болады.
Патогенезі.
Конституциялық-эндокриндік теория бойынша, Аг бүйрекүсті бездердің
кызметі жетіспеушілігінен туатын қантамырлары тонусының төмендеуімен байланысты.
Мектеп жасындағы Аг дамыған балаларда бүйрекүсті бездері түзетін глюкокортикоидтар
мен минералокортикоидтардың қанда аз мөлшерде табылатыны ауру патогенезіндегі осы
теорияның орынды екенін көрсетеді.
Вегетативті теория Аг пайда болуын холинергиялық жүйенін белсенділігінің артуы
және адренергиялық жүйенің әлсіреуімен дәлелдейді. Қанда ацетилхолин көбірек, ал
катехоламиндердің аз болатыны Аг бар балаларда дәлелденген.
Нейрогендік теория (кеңес ғалымдары шығарған) Аг дамуын ми ішіндегі қозу мен
тежеу процестері тепе-тендігінің бұзылуымен, соған байланысты ми қабаты астындағы
қан қысымын, жүрек жұмысын реттейтін орталықтардың неврозы деп санайды және
осыны дәлелдейтін деректер бар.
Гуморальдық теорияны қолдайтындар Аг пайда болуын қанда кининдер мен А, Е
простагландиндерінің мөлшері жоғары болатынын, ал осылардың шамадан артық мөлшері
қан қысымы деңгейін төмендететінін дәлел етеді.
Осы кезде біріншілік Аг-ны қантамырларының тарылып-кеңеюін реттейтін
орталықтың неврозы, ол шеткі депрессорлық қызметпен бүйрекүсті бездері қызметінің
қосымша өзгерістерімен бірге ұштасады деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет