Жіктелуі.
Гипертония ауруын 3 сатыға бөледі. I сатысы – таза функциялық. Оны
ІА тек систолалық АҚҚ жоғарылауы және ІБ АҚҚ едәуір жоғарылауымен қатар,
диастолалық АҚҚ жоғарылауы деп екіге бөледі. II сатысын лабильдік және стабильдік
деп екіге бөледі. III сатысында (АҚҚ, ДАКК бірдей ұнемі жоғары және өте жоғары),
ағзалар бұзылысы (жүрек, бүйрек, ОНЖ) мен асқынулар (инсульт, тромбоэмболия т.б.)
жиі байқалады.
Баладағы АГ диагнозын көбінесе «вегето-қантамырлық түрі» деп қояды.
Ол АГ I сатысына сай келеді, ал, бірақ осы баладағы дистония, кейін гипертония ауруына
591
ұласады деуге болмайды. Екіншілік артериальдық гипертензия болса, оның қандай ауруға
байланысты симптом екенін диагнозда көрсетеді.
Клиникалық белгілері.
Көбіне АҚҚ жоғарылауы күтпеген жаңалық ретінде
табылады. Біріншілік АГ-да баланың АҚҚ-ның бүгінгі жоғарылауы келесі күндері
байқалмауы да мүмкін. Алайда, АҚҚ жоғарылауы болғанда, оның себебін және оны
шығаратын негізгі кеселді табу керек болады. Бүйрекке байланысты АГ-да систолалықта,
диастолалықта АҚҚ, бірдей жоғарылайды. Қолқа коарктациясында АҚҚ екі қолда жоғары
болғанмен, аяқта төмендігінен тіпті анықталмайды. Әрине, оның басқа да белгілері бар.
Бүйрекүсті безінің ісігінде (феохромоцитома) АҚҚ, жоғарылауы кенеттен, криз ретінде
байқалады, кейін бірнеше сағат, 1-2 күн өткенде қалпына дейін төмендейді.
Вегето-қантамырлық дистонияның гипертензиялық түрінде, көбінесе бас ауыруы
(бастың бір жері – маңдайы, шекесі, желке жағы ауыруы), оның кенеттен басталуы, бас
айналуы, құлақ шулауы, жүрек тұсы ауыруы, іш ауыруы дистонияның көп ағзаларға
тарағанын көрсетеді. Бас ауруы, АҚҚ жоғарылауымен қатар, білінуі мүмкін. АГ алайда
тұрақты болмайды, ол тіпті бір тәуліктің ішінде бірнеше рет құбылуы мүмкін. Көбінесе
гипертензия әр түрлі эмоцияларға, не оқудың қиындығына байланысты шығады. Бас
ауыру, жүрек шаншудан басқа, АГ-сы бар балаларда ашуланғыштық, шаршап кету, мазасы
кету, кенет ыстықтау сияқты шағымдары болады. Осы кезде тексергенде, тахикардия,
вегетатикалық тұрақсыздық белгілері – велоэргометрия тәсілі сияқты, көп қимыл керек
ауыртпалықтарды көтере алмайтындығы анықталады.
Құралжабдықты тексерістерде көз түбінде әрқилы ангиопатия барлығы, ЭхоКГ-да
қарыншааралық перде миокардының гипертрофиясы, кейде сол қарынша миокардының
гипертрофиясы, сол қарыншаның диастоладағы соңғы көлемінін артуы,
реоэнцефалографияда артериолалар тонусының жоғарылауы, систолада қан келуінің
азаюы (реографиялық индекс төмендеуі), ішкі ұйқы артериялары мен омыртқа-
базиллярлық артерияларының бассейіндеріндегі қантолудың асимметриясы байқалады.
ЭхоКГ-да ликвор айналысының бұзылысы, церебральдық гипертензия синдромы бар
балаларда мидағы III қарынша көлемінің кеңейгені көрінеді. ЭКГ, рентгентде АГ сай
өзгерістер табылмайды, ЭЭС-да кейде альфа-ырғағының өзгергені көрінеді.
Емі.
Екіншілік АГ-ның емі оған себеп болған ауруды емдеумен ұштастырылады.
Бүйрек аплазиясына байланысты АГ-да АҚҚ-ың төмендетуге моноприл, каптоприлдің
көмегі бар.
Бірінішілік АГ-ны
дәрісіз және дәрімен
емдейді. Күн тәртібін жөнге салу (тәулігіне
9-10 сағат ұйкы, түскі демалыс, таза ауа, ертеңгі гимнастика, телевизор қарауды 1,5
сағаттан асырмау), тағамдануды тәртіпке келтіру (ас тұзын тәулігіне 4-6 грамнан асырмау,
майлы, тәтті тағамдарды азайту), семіздік пен артық салмақты азайту, өсімдік майларын
қолдану АҚҚ деңгейін қалпына келтіруге көмек береді.
Емдік гимнастика, дене шынықтыру, спорттың жеңіл түрлері, психоем, гипноз және
акупунктураның АГ-ны емдеудегі пайдасы көп және тиімді.
Жоғарыда көрсетілген емдер бала үшін біраз жағдайда жеткілікті, ал олар тиімсіз
болса, медикаменттік емдер беріледі. Седативтік дәрілер (валериана, шалфей),
транквилизаторлар (фенибут, 0,25-0,75 г тәулігіне, феназепам 0,5-1,5 мг/т, седуксен 2,5-10
мг/т), оларға қоса фитоем. Бұл дәрілер көмектеспесе – (β-адреноблокаторлар (анаприлин,
обзидан 10мг, күніне 2-3 рет), алайда бұл дәрілерді бронх астмасы, брадикардиясы, қант
диабеті бар балаларға беруге болмайды. Көбіне зәр айдайтын дәрілер (тәулігіне
гипотиазид 12,5-50,0мг/т, триампур 1/2-1 таблетка, фуросемид 20-40 мг/т, баланың дене
салмағына қарай
)
АГ-ны емдеуге көмек тигізеді.
Гипертензиялық кризді емдеу
үшін ангиотензин аударушы фермент ингибиторлары
(каптоприл, т.б.), седуксен, обзидан, пирроксан, адельфан, ганглиоблокаторлар (пентамин,
арфонад), фуросемид, эуфиллин колданылады. Алайда АҚҚ деңгейі бірте-бірте төмендеуі
тиіс, оны төмендететін дәрілерді де сақтықпен, әр жолы АҚҚ мөлшерін өлшеп отырып,
592
беру керек, егер АҚҚ күрт төмендейтін болса, ми ишемиясы, мидағы қанайналысы
нашарлап, кенет өлу қаупі тууы мүмкін.
Артериялық қысымды тез төмендету ерте жастағы балаларда диастолалық қысым
95мм с.б.б. артық, ересек балаларда 110мм с.б.б. артық болса, сонымен қатар артериялық
қысымның жоғарлауы неврологиялық белгілермен немесе жүрек қызыметінің бұзылуымен
бірге жүрсе, қажет болып келеді.
Әдетте, артериялық қысымды (АҚ) қалыптастыру сатылы жүргізіледі: алғашқы 6-12
сағатта АҚ жоспарланған деңгейдің 1\3-не дейін, алғашқы тәуілік бойына жоспарланған
деңгейдің тағыда 1\3 бөлігіне, ал келесі 2-4 күнде қажетті деңгейге толық жеткізеді. АҚ
қалыптастыру үшін вазодиляторлар (гидролизин, натрий нитропруссиді), α-
адреноблокаторлар (празозин, фентоламин); βадреноблокаторлар (атенолол, эсмолол);
транквилизаторлар (седуксен), тыныштандыратын дәрілер қолданылады
(101 кесте).
101 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |