Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


медицина ассамблеяларымен толықтырылған



Pdf көрінісі
бет61/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

медицина ассамблеяларымен толықтырылған.
Дәрігерлердің жалпы міндеттері.
Дәрігер әрқашан ең жоғары кәсіби стандартқа сай болуы керек. Дәрігер науқас мүдесі
үшін ғана қолданылатын кәсіби шешімдердің бостандығы мен тәуелсіздігі тұрғысынан өз
пайдасына бағышталған әсер етуіне жол бермеуі керек.
Дәрігер Адам құндылықтарын құрметтеу мен қамқоршылық танытуда науқасты
басты орынға қойып, өзінің кәсіби мамандығына қарамастан, медициналық көмектің
барлық жағына толығымен жауап беруі керек.
Дәрігер өз науқастары мен әріптестеріне адал болып және ыждағаттылық
танытпайтын, жалғандыққа жол беретін әріптестеріне қарсы күресуге міндетті.
Дәрігер науқастың, әріптестерінің, басқа медициналық қызметкерлердің құқықтарын
құрметтеуге және де дәрігерлік құпияны сақтауға міндетті.
Дәрігер медициналық көмек көрсету кезінде науқастың физикалық және психикалық
денсаулығына нұқсан келтіретін әрекеттерді тек науқас жағдайы қажет еткенде ғана жасау
керек.
Дәрігер жаңалықтар, жаңа технологиялар және емдеу әдістері жайлы мәліметтерді
кәсіби емес арналар арқылы бергенде өте сақ болуы керек. Дәрігер жеке өзі тексерген
мәліметтерді ғана айтуға міндетті.
Медициналық этика нормаларымен сай емес:
Өзіндік жарнаманы, егер ол елдің заңдарымен және Ұлттық медицина
қауымдастығымен этикалық кодексімен рұқсат етілген болса, жүргізуі керек.
Дәрігердің өзіне жолданған науқас үшін комиссиялық ақы төлеуіне немесе кез келген
мекемеге, маманға науқасты жолдағаны үшін төлемақы алуына, медициналық
көрсеткіштері болмаса да ем тағайындағаны үшін ақы алуына болмайды.
Дәрігердің науқасқа байланысты міндеттері.
Дәрігер өзінің адам өмірін сақтаудағы міндетін үнемі есінде ұстауы керек.
Дәрігер, егер науқасқа қажетті тексеру, емдеу шаралары оның кәсіби
мүмкіндіктерінен асып кетсе, басқа әріптестерінің көмегіне жүгінуге міндетті.
Дәрігер өзі емдеген нақас қайтыс болғаннан кейін де дәрігерлік құпияны сақтауы
керек.
Дәрігер, ол басқа адамдардың барлық қажетті көмекті көрсетуге ниеті мен мүмкіндігіне
сенімді болған жағдайлардан басқа барлық уақытта мұқтаждарға тиісті жедел көмек
көрсетуге міндетті.
Дәрігерлердің бір- бірімен қарым –қатынас жасаудағы міндеттері:
Дәрігер әріптестері өзіне қандай қарым-қатынас жасағанын қаласа, өзіде
әріптестерімен солай қарым-қатынас жасауы керек.
Дәрігер өз әріптестерінің пациенттерін өзіне қаратып алмауы керек.


Дәрігер Дүниежүзілік медициналық қауымдастығы мақұлданған «Женева
декларациясының» қағидаларын сақтауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет