тиологиясы
эндогенді және экзогенді болып келетін көптеген себептерді
қамтиды:
-
тұқым қуалайтын ауырлықтар – іш қатуы, веготодистониялар, заттекалмасу және
эндокриндік бұзылыстар (гипотиреоз, гиперпаратиреоз, бүйрек үсті безі қыртысының
жетіспеушілігі);
-
өмірінің алғашқы айында басынан өткізген ішек инфекциялары;
-
жасанды тамақтануға ерте аудару;
-
тағамдық аллергия;
-
тағамдық қателіктер – рафинирленген, тазаланған өнімдерді қолдану, өсімдік
клетчаткаларының жетіспеушілігі;
-
геморрой, сыртқы тесіктің сызаттануы;
-
кейбір дәрі-дәрмектер қабылдау – анестетиктер, миоререлаксанттар, құрысуға қарсы
дәрілер, холинолитиктер, опиаттар, диуретиктер, кальций каналдарының
блокаторлары, никотин қышқылы.
Патогенезінде
маңызды
:
- нейрогуморальды реттеудің бұзылыстары (вегетодистониялар, висцеро-висцераль-дық
әсерлер, орталық және жжұлындық нервттенудің бұзылуы, психоэмоциялық
факторлар, эндокриндік патологиялар);
- ішектің шеткі бөліктрінің моторикасының бұзылуы, тоқ ішектің пропульсивтік және
ретроградты моторикасының арасындағы қатынасының артуы, ішектің алиментарлы,
медикаментозды, күйзелістік әсерлерге раекциясының артуы;
- ішектегі сұйыұтықтың қозғалу жылдамдығының, нәжістің бұзылуы және кілегей
түзілумен өзгеруі.
Жіктелісі. ТІД
екі түрге бөледі:
1. гипертониялық
және
2. гипотониялық
.
Клиникалық көрінісі
.
ТІД-ның негізгі көріністері –
дефекация ырғағының бұзылуы
және
іштің ауруы.
Дені сау балаларда дефекация жиілігі әртүрлі, нәжістің 2 тәуліктен
артық болмауы, дефекацияның баяу, қиындықпен жүруі және жүйелі түрде ішектің толық
босамауы іш қатуы деп есептеледі.
ТІД-нің гипертониялық
түрінде:
- әдетте ауырсыну іштің төменгі және төменгі қыры бөліктерінде орналасады, ұстама
сипатты болады. Әдетте, ауырсыну дефекцияға байланысты, ішек босағаннан кеін
басылып кетеді;
- нәжіс әдетте, іштің қатуына бейімділікпен байқалады, сирек іштің қатуы мен нәжістің
сұйықтануы кезектесіп байқалады. Іш қатуда нәжіс кішкене бөлік «қой нәжісі»
күйінде, бөлікті үзінді түрінде, лента тірізді нәжіс болуы мүмкін, дефекаця толық
болмайды. Кейде нәжісте кілегей болуы мүмкін.
ТІД-нің гипотониялық
түрін сипаттайды:
- қайтпайтын үдемелі іш қатулары. Кейде іш қатудан кейін нәжіс көп мөлшерде
шығады, сұйқтауда болуы мүмкін. Біртіндеп тоқ ішектің шеткі бөлігі кеңее түседі,
анальды сфинктердің тонусы төмендеп, нәжісжұғу түрінде энкопрез байқалады;
- іштің ауырсынуы, әдетте ұзақ уақыт нәжіс болмағанда байқалады, тұрақты керілу
(тартылу) сипатты болады.
Объективті зерттеуде аузынан жағымсыз иіс шығады, тілінде жабынды, іштің аздап
кебуі байқалады. Пальпацтялағанда спазмдалған немесе кеңейген тоқ ішек бөлікері, жиі
сигма тәріздес бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: |