- стеаторея
– нәжістің сасық шіріген иісті, сұрғылт түсті, өзіне тән майлы жылты-
рауықты болуы, копрограммада бейтарап майлардың, әсіресе май қышқылдарының,
көп мөлшерде көбеюі;
- айтарлықтай ару
– жайылған тері асты шел майының, әсіресе кеудесінде, аяқ-қолын-
да, құйрығында жойылуы;
- Дельбе псевдоасциті
– ауруға сәйкес келетін атониялық үлкейген ішек ілмектірінің
ішіне сұйықтық жиналуына және гепатоспленомегалияға байланысты іштің үлкейіп
кебуі. Аяқтарында ақуызсыз ісіктер;
- Ауру ұзақ дамыған жағдайда бойның өспей қалуы;
- науқастың мінезінің өзгеруі: көңілі жабыңқы, күйгелек, ашулаңшақ, невропатиялық
эгоистикалық көріністер – «бақытсыз бала синдромы»;
- поливитаминдер жетіспеушілігі белгілері: терісі құрғақ, атрофиялық глоссит, ангу-лярлы
стоматит; анемия (темір және дәрумендер жетіспеушілігі); рахит белгілері; тістердің,
тырнақтардың, шаштарының дистрофиялық өзгерістері; кенеттен сүйек сынуы
байқалуы мүмкін (кальций мен Д -дәруменінің тапшылығы).
Аурудың ағымы толқын тәріздес сауығу кезеңі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін
созылуы мүмкін.
Диагностикасы
клиникалық белгілеріне негізделеді. Ұзақ қайталайтын диарея
немесе іш қатуы байқалатын, иммунопатологиялық аурулары бар (тиреодит, қант диабеті
1 типі, коллагеноздар, васкулиттер, витилиго және басқалар), бой өспей қалған, тіс
эмаліның дисплазиясы, көптеген кариес байқалатын, остеопороз, артралгиялар, алопеция,
қайталайтын анемия байқалатын балалар зерттелуі қажет. Жасөспірімдік кезеңде бойының
өсуінің секірісі байқалмау, жыныстық жетілуі қалыс қалау, дисменорея байқалу тексеруге
көрсеткіш бола алады. Диагностиканың клиникалық сатысы қан анализінен (анемия),
копрологиялық зерттеуден (стеаторея ІІ түрі, креаторея, йодофильді микрофлора),
биохимиялық зерртеулерден (дис- және гипопротеинемия, гипохолестеринемия,
сидропения және басқалар), ішек дисбиозын анытаудан құралады.
Серологиялық тест жасалады:
антиглютенді антиденелер IgA және IgG класстары,
тіндік трансглутаминазаға антиденелер, эндомизияға антиденелер анықталады.
Целиакияның генетикалық маркелерін (HLA- DQ2, DQ8) анықтайды. Нәтижесі оң болса
диагнозды ащы шектің клегей қабытынан алынған биоптатқа морфологиялық зерттеу
жүргізіп дәлелдейді.
Целиакияның морфологиялық субстраты болып, гликокаликстің қалыңдығының
кішреюі, абсорбтивтік жасушалардың санының азаюы, бүрлердің қалыңдауы немесе
жойылып кетуі, крипталардың (ұңғылының) пролиферацияланған жетілмеген жасушала-
рының санының айтарлықтай артуы, крипталардың ұзаруы, жасушалардың қалыпты
жағдайға қарағанда жаңаруы мен миграциясының жеделдеуі, жасушааралық
лимфоциттердің санының көбеюі. Иммуногистологиялық әдіспен биоптат тіндерінде,
текқана целиакияға тән γ/∂ - рецепторлары бар Т-жасушаларды анықтайды. Қатаң
аглютенді емдәмді тағайындпаудың тиімділігініңде маңызы зор: нәжісі 6-7 күнде жақ
арады, салмағының артуы 3-аптадан басталады, дене ұзындығында өз қатарларын 1,5- 2
жылда қуып жетеді. Диагноз верификацияланған болса арандатушы сынамалар қоюға
болмайды. Күмәнді жағдайларда аглютенді емдәс қолдана бастағаннан кейін 6-12 айдан
соң араңдату жүргізіп, ішек клегей қабатының биоптатын зерттеу мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: