Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет670/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы
 
мальабсорбцияның басқа түрлерімен жүргізіледі (муковисцидоз
– созылмалы бронх-өкпе ауруларын қара, дисахаридазды жетіспеушілік және басқалар). 
Лактазалық жетіспеушілік (ЛЖ)
– 
аш ішекте лактозаның гидролизденуі-нің
бұзылуына бйланысты асқортыу бұзылыстарының белгілері кешені.
ЛЖ ең кең тараған
интестинальды энзимопатиялар түрі. ЛЖ тұым қуалауға байланысты, яғни біріншілік
болуы мүмкін. Біріншілік лактазалық жетіспеушілікті ерте және кеш түрлері деп бөледі. 
645


Біріншілік ерте ЛЖ
 
өмірінің бірінші күндерін бастап тамақтандырғаннан кейін
мазасызданумен, ішінің құрылдауымен, жиі көпіршікті ащы иісті нәжіспен біліне
бастайды.
Біріншілік лактазалық жетіспеушіліктің
кеш түрі сүтпен тамақтандыру кезеңі
аяқтала келгенде, көбіне 3-5 жастан кейін қалыптаса бастайды. 
Бұл түрінде лактозаның
интолеранттылығы түгел байқалмайды, сондықтан бала 100-200 мл сүтті қорыта алады, ал
одан көп болса ішінде кесіп ауырсыну, ішінің құрылдауы, нәжісінің сұйылуы және орташа
интоксикация белгілері пайда болады. Бұл түрінің кездесуінің, ұлттық тамақтану
ерекшеліктеріне байланысты, этникалық ерекшеліктері болады. 
Екіншілік лакатазалық жетіспеушілік
аш ішектің әртүрлі инфекциялық-
қабынулық ауруларында, дистрофиялық процесстерде, аллергиялық ауруларында, дәрілік
әсерлерде, сонымен қатар целиакияда кездеседі.
Дегенмен, тек целиакияда ғана ЛЖ
дисахаридаза жетіспеушілігінің басқа түрлерімен (сахаразалық, мальтазалық,
изомальтазалық) қосарланады.
Екіншілік ЛЖ сүт ішкесін 1-1,5 сағаттан кейін ішінің кесіп ауыруы, кебуі, құрылдауы
және кейде жүрек айну, әлсіздік сиқты интоксикация белегілерінің пайда болумен білінеді.
Нәжісі жиіленеді, ащы иіс байқалады. Тағам құрамынан сүтті алып тастаса диспепсиялық
бұзылыстар тез (бір тәулік ішінде) жойылп кетеді, ал сүтті қайта бере бастаса қайталайды. 
ЛЖ диагнозы аурудың айқын (манифесті) түрлерінде анамнезге сүйеніп және
лактозасыз әмдәмнің тиімділігіне байланысты қойылады. ЛЖ-нің субклиналық түрлерінде
қосымша зерттеу қажет (лактозотолерантты тест-ЛЖ болса гликемиялық қисық сызық
жалпайған; сутегілік тыныстық тест лактозамен салмақ түсіргеннен кейін ЛЖ-те
шығаратын ауада сутегі концентрациясы 0,1 мл/мин)- ден артық болады; зәрдегі лактоза
хроматографиясы.
ЛЖ емі төмен лактозалы және лактозасыз емдәм тағайындауға негізделген. Құра-
мында лактоза бар қоспалар қолданғанда лактаза препараты (тилактаза), саңырауқұлақтық
(грибоктар)- лактраза- және бактериялық бета- галактозидаза беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет