Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет698/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Асқынуынулар
:
анурия, экламсия және жүрек жетіспеушілігі.
Болжамы
:
ЖГН кезінде қолайлы. 89-91% жағдайда жазылу болады. 
Алдын алуы:
Созылмалы инфекциялық ошақтарды уақытында тазалау.
Диспансерлік бақылау.
ЖГН-пен аурғаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік бақылау
жүргізіледі. Дәрігер науқастың қан қысымы мен зәр анализіне талдау жүргізеді: 
-
ЖГН-тен соң алғашқы 3 айда –әрбір 10-14 күнде, 
-
3-9 ай өткен соң – айына 1 рет; 
-
Рецидив болмаған кезде – тоқсанына 1 рет. 
Кез келген интеркурентті аурулар кезінде қосымша зәр анализдері тексеріліп
отырады ( аурудың өршу кезінде бір рет, екінші рет- ауырғаннан соң бір аптадан кейін). 
Стоматолог, отоларинголог дәрігерлерінің қарауы, үш ретті құр жұмыртқаларына
және острица жұмыртқасына анализ жарты жылда 1 рет жүргізіледі. 
13.2.3. СОЗЫЛМАЛЫ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ
Созылмалы гломерулонефрит (СГН)

персистирлеуші үдемелі иммунды-
қабынумен, нефрондарды склеротикалық деструктивті зақымдап, тубулоинтерстициа-
льды және жиі созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тудырумен сипатталатын алғашқы
гломерулопатиялар тобы.
Этиология.
 
СГН тұқым қуалаушылыққа бейімділікпен сипатталатын біріншілік
созылмалы ауру болып табылады. Триггерлік факторлар болу мүмкін:
- тиімсіз дәрілік емдер ( полипрогмазия, нефротикалық дәрілерді ұзақ қабылдау); 
- созылмалы инфекциялық ошақтар
- персистерлеуші вирусты инфекциялар ( гепатит В, цитомегалия, парагрипоздар т.б). 
- шектен тыс антигенді жүктемелер (біріккен қайталамалы инфекциялар, иммуно-
глобулиндерді қайталап құю, ретсіз иммунизация жүргізу). 
Патогенез.
Аурудың даму негізінде келесілердің салдарынан пайда болған иммуно-
патологиялық процесстер жатады: 
1) Бүйрек дисплазиясы кезінде әртүрлі факторлардың (мысалы дәрілер, токсиндер,
вирустар) гистогематикалық кедергі зақымдауынан нефрон мембраналарының
тұрақсыздығынан бүйрек антигендерінің қан ағысына түсуі. Бұның әсерінен түтіктің
базальды мембранасын және шумақтарды зақымдайтын комплемент жүйесінің белсенуі,
иммунды кешендердің, цитотоксикалық лимфоциттер, аутоантиденелер түзілісі болады. 
2) Иммунологиялық реактивтіліктің бұзылуынан бүйректің зақымдалмаған
тіндерінде аутоиммундық процес (жүйелік ауруларда) байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   694   695   696   697   698   699   700   701   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет