Қазіргі кезде көптеген ғалымдар (А. В. Мазурин, И. М. Воронцов, 2000) балалардың
даму дәуірін үш кезеңге бөлген жөн деп есептейді: дайындық кезеңі, құрсақішілік
(ұрықтық) және құрсақтан тыс (постнатальды, туылғаннан кейінгі) немесе өзіндік балалық
шақ кезеңдері.
Дайындық кезеңі деген ұғым – ең алыс аталық және аналық жасушалар қосылмастан
көп бұрынғы мезгіл мен болашақ баланың тұқымында (ата-анасына дейінгі) ген
жиынтығының қалыптасу мерзімімен қатар жүктіліктің алдындағы жақын кезеңді
(предконцепциальдық кезең) қамтиды. Дайындық кезеңін бөліп көрсету, әрине, көп
жағдайда жасанды сықылды болып көрінеді. Дегенмен, бұндай көзқарастың тәжрибелік
және ұйымдастыру жұмыстар деңгейінен қарағанда, маңызы үлкен екені белгілі. Бұл
кезеңнің адамзаттың өмір бойына созылуы мүмкін. Жас шаңырақ сәбилі болуға шешім
қабылдағанда жыныстық тәрбие, гигиена, тамақтану, салауаттық өмір сияқты күнделікті
өмірге қасиетті мәселелердің маңызды екені белгілі болады. Сонымен қатар, тікелей
ұрықтандыруға дайындық кезеңде, яғни 2–4 ай бұрын, бұл мәселелердің маңызы арыта
түседі. Бұл кезеңнің ұзақтығы болашақ ата-ананың денсаулық деңгейіне байланысты.
Медициналық дайындықтың негізгі міндеті созылмалы инфекциялық ошақтарын, әсіресе
зәр жолдары мен жыныс жүйесінің, сауықтыру, ата мен ананың тамақ рационын
қалыптастырып, қоректік жағдайына көңіл аудару, санитарлық-ағарту жұмыстарын
жүргізіп, медициналық және психологиялық талдау жасау. Бұл кезде болашақ ата-анаға
ішімдіктің, нашақорлықтың, никотиннің және басқа жағымсыз заттардың ең аз
бөлшектерінің өзінің болашақ сәбидің ұрықтану кезеңінде тигізетін залалының
айтарлықтай екенін түсіндіру керек.
Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып
бөлінетін, Н. П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.
А.
Құрсақішілік (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады:
1.
Эмбриондық
даму сатысы (алғашқы 2–3 ай).
1.
Плацентарлық
даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
Құрсақішілік (ұрықтық) кезеңі жыныстық клеткалар қосылған мерзімнен бастап,
орта есеппен, 270 күнге созылады. Бірақ жұмыстық жағдайда 280 күн (9 ай 9 күн) деп
есептелінеді. Есеп соңғы келген етек кірінің бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Қазіргі кезде құрсақ ішілік (ұрықтық) дамуды бірнеше кезеңге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: