13.3.2. СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) -
нефрондардың сандық және қызмет-
тік өзгерістері бүйректің гемеостатикалық қызметінің бұзылысына, жиі ШСЖ-ның
50%-ға төмендеуіне алып келетін клиникалық белгілер жиынтығы болып табылады
.
Бүйрегі ауыратын балаларда СБЖ – шумақтық сүзілістің 1,73 м² дене көлеміне 20
мл/минутына төмендеуі, креатининнің қан сарысуында 2 мг% (0,177 ммоль/л) және
мочевина 50 мг % (8,3 ммоль/л)-ге 3-6 ай бойы жоғарлауына байланысты анықталады.
Этиологиясы.
СБЖ-нің 5 жасқа дейінгі себептері : туа пайда болған құрылымдық
және обструкциялық кемістіктер.
5 жастан кейін- жүре пайда болған аурулар:
-
Фокальды сегментарлы гломерулосклероз;
-
Созылмалы гломерулонефрит;
-
Гемолитикалық-уремиялық синдром;
-
Өршімелі тұқым қуалайтын нефропаия (нефрит, бүйрек дисплазиясы);
Патогенезі.
Қызмет етуші нефрондардың төмендеуі келесі бұзылыстарға әкеледі:
• бүйректің концентрациялық қабылетінің төмендеуіне және полиурияға;
• электролиттерді (натрий, калий) жоғалту арытуына және электролиттер бұзылыстары-
на (гиперкалиемия, гипокалиемия, гипонатриемия);
• экстрацеллюлярлы сұйықтықтың гомеостазының бұзылыстарына;
• гиперазотемия, ацидоз, гипергидратацияға;
• олиго-анурияға;
СБЖ-нің өршуіне ықпал етеді:
• Емдәмде ақуыздың көп болуы;
• Персистирлеуші протеинурия немесе жүйелі гипертензия.
• Созылмалы және жасырын вирустар (микоплазмалы, хламидия, герпетикалық,
энтеровирусты және т.б);
• Ішек дисбактериозы, іш қату, асқорыту жүйесінің созылмалы патологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: