Диагноз. Клинико-лабораториялық мәліметтер негізінде қойылады.
Емі: СБЖ-нің І сатысында негізгі ауруды емдеу және симптоматикалық болады.
ІІ сатысында белокты 1,5 г/кг шектеумен емдәм тағайындау. Азотемия жоғары болса
тәуліктік белок көлемі 0,6-0,7 г/кг-мен, көмірсумен және маймен байытылған емдәм
тағайындалады. Джиордно-Джиованнета емдәмінде ет, балық, сүзбелер алынып
тасталады. Гипокалиемияда диетаға калиге бай тағамдар (банан, өрік, мейіз, қара өрік)
қосылады. СБЖ барлық науқастарға Вс, В
1
,В
2
,Е,В
6
жоғары мөлшерде тағайындалады.
Симптоматикалық ем:
- Ацидозда-гидрокарбонат енгізу;
- Гипертензияда – тұссыз емдәм, гипотензивті препараттар (каптоприл, диазоксид,
раувольфиии препараттары, альфа-метилдоп) зәр айдайтын дәрілермен (фуросемид)
біріктіріліп беріледі.
- Остеопатия және гипокальцемияда –кальций препараттары, витамин Д;
- Анемияда- гемоглобин деңгейі 50 г/л төмен болса эритроцитті массамен трансфузия
жасалады.
СБЖ-де гемодиализ ІІІ-ІҮ сатыларында қандағы креатинин деңгейі 0,528 ммоль/л-
ден жоғары және эндогенді креатинин 10 мл/мин 1,73м аз болғанда жасалады. Гемодиазиз
аптасына 2-3 рет жасалады.
Алдын алу:
СБЖ -ны уақытында анықтап , сәйкес ем тағайындау.
Болжамы : себебіне байланысты. І сатысында егер уақытында анықталып, емделсе
қайтымды. Балалар арасында 80% науқастарда терминальды саты болады.
Диспансеризация: өмір бойы жүргізіледі.
- Айсайынғы қарау, қан қысымын өлшеу, қан, зәр анализі, Зимницкий сынамасын жасау.
- Тоқсан сайын биохимиялық анализ (креатинин, мочевина, электролиттер, белок
фракциялары, қышқылды-сілтілі жағдайды) және зәр (электролиттер) тапсыру.
Клиренс креатинин, реабсорбция коэффиценті.
Ыссы және құрғақ аймақтарда
санаторлы-курортты ем қабылдауға болады.