үйткені ол VIII фактор деңгейін артырады. Тамақтануы дені сау балалармен бірдей.
Дәрілік шөптрден киікшөп және басқа шөптер сығындыларын қолданады. Интеркурентті
ауруларда аспирин немесе индометацин тағаындамаған жөн.
Болжамы.
Қазіргі кездегі емдерге сәйкес болжамы айтарлықтай жақсарды, орташа
өмір сүру ұзақтығы 46 жыл болып келеді.
14.6. ГЕМОБЛАСТОЗДАР
Гемобластоздар –
қан түзу жасушларынан пайда болатын ісіктер
. Оларға
лейкоздар мен сүйек минынан тыс ісіктер (гематосаркомалар) жатады. Балалар мен
жасөспірімдер арасында гемобластоздар бірінші орын (44%) алады.
14.6.1. Лейкоздар –
сүйек миында патологиялық процесстің біріншілік
орналасуымен жүретін қан түзу тіндерінің қатерлі ісіктерінің жалпы атауы
. Балалар
арасында лейкоздар 2 -4 жас аралығында жиі кездеседі. Барлық балалар онкологиялық
ауруларының 1/3 құрайды. Ер балаларда жиірек кездеседі. Лейкоздарды жедел және
созылмалы етіп бөледі. Бұл бөлу ағым сипатын, клиникалық ерекшеліктерін, шеткі қан
морфологиялық құрылымын қамтіды.
Этиологиясы
анықталмаған. Онкогендер болып тәжрибеде жануарларда лейкоз және
Т-жасушалы лимфома шақыратын, рентровирустарға гомологиялық болып келетін
жасушалық гендер. Антенатальды кезеңде беріледі, адамдарда трасформацияланған
мутантты жасушалар пайда болуына, яғни алғашқы қатерлі ісік пайда болуына әкеледі
немесе адам организмінің қорғаныс факторларымен жойылып жіберіледі, болмаса өсуі
тежеледі.
Екінші жағдай: транцформацияланған жасушалар клонында екінші мутация жүреді,
болмаса қорғаныс факторларының әлсіреуіне (перинатальды немесе постнатальды кезеңде
әкелуі мүмкін) әкеледі. Екінші жағдайға әкелетін себеп вирусты инфекцияларға
байланысты болса керек. Лейкозбен ауруы мүмкіндігін артыратын факторларға жатады:
біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушіліктер, апластикалық анемиялар,
миелодисплазиялар, сәулелендіру, кейбір химиялық заттар (мысалы, бензол), ісіктерде
цитотоксикалық және ретгенологиялық әсерлер.
Достарыңызбен бөлісу: