Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет769/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ажырату диагнозы.
 
ЛГМ-дың мойын түрінде туберкулезді және басқа лимфаденит-
термен ажырату керек. Бұндай жағдайда ауыз қуысында (периодонтит, созылмалы
726


тонзиллит және басқалар), мұрынжұтқыншақта (аденоидиттер және басқалар), мұрынның
қосымша қуыстарында әртүрлі созылмалы инфекциялар байқалады. Айқын интоксикация
белгілері, қанда қабынуға тән өзгерістер байқалады, лимфатүйін ортасында жұмсарған
аймақ (участок) анықталады. Сонымен қатар Брилл-Симмерс ауруын, инфекциялық моно-
нуклеозды, лейкозды естен шығармау керек. Көкірек қуысы зақымдалғанда туберкулез-
бен, саркоидозбен, айырша бездің ісіктерімен, ходжкиндік емес лимфомолармен ажырату
керек болады. Іш қуысындағы зақымдалуларда туберкулездік мезадиниттермен, псевдоту-
беркулезбен, ходжкиндік емес лимфомалармен, ал гепатоспленомегалияда жинақталу
ауруларымен, портальды гипертензиямен, созылмалы гепатитпен, бауыр циррозымен,
ісіктермен ажырату керек. 
Емі.

Арнайы гематологиялық ауруханаларда емделеді. Химио- және сәулелік ем,


GPOH - HD95 хаттамасы қолданылады. Емдеу курсы (2-6) аурудың сатысына байланысты,
содан соң қамтылған аймақтарды ғана 25-30 Гр. мөлшерінде жүргізіледі. Химиотерапияны
қосарлау қыз балалар мен ұл балаларда бөлек жүргізіледі. Жасөспірімдерде балаларға
арналған хаттамалар қолданылады.
Болжамы
 
ем басталған кездегі сатысына байланысты. І және ІІ сатыларында 98%
құрайды. Рецидивтердің көбі ем біткеннен кейін 3-4 жылдан соң басталады. 
XV ТАРАУ
ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
Балалық шақтағы эндокриндік патологиялар, ересек адамдардағы сықылды,
гипоталамо-гипофизарлық орталықтың, сонымен қатар, шеткі бездердің зақымдалуынан
пайда болуы мүмкін. Ересектерге қарағанда, балаларда ішкі секреция бездерінің
зақымдалуы, олардың өсуі мен дамуына тікелей әсер етеді. Тек эндокриндік ауруларды
балаларда ерте анықтап, мерзімінде дұрыс емдегенде ғана балалардың қалыпты, дұрыс
дамуын қамтамасыз ету мүмкін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет