байланысты шынайы көлемін анықтау мүмкін емес, сондықтан ол жемсауды диагностика-
лауда маңызды емес. Қалқанша бездегі түйінді түзілістерге байланысты түйінді жемсау
атауы пайдаланылады, ал жалпы ұлғаю мен түйінді түзілістер бірге анықталғанда аралас
жемсау туралы айтылады. Қалқанша бездің көлемін пальпаторлы бағдарлап бағалау үшін
бірнеше жіктелулер қолданылады.
Қалқанша безді пальпациялау қарапайым тек бағдарлау үшін маңызды екендігін
айтқанмен, 1992 жылы ДДҰ жемсаудың өте қарапайым жіктелуін ұсынды:
ДДҰ бойынша жемсаудың жіктемесі (1992ж):
0 – дәрежелі – жемсау жоқ.
1 – дәрежелі – жемсау пальпацияланады, бірақ көрінбейді, оның көлемі
бас бармақтың дистальды фалангасынан үлкен.
2 – дәрежелі – жемсау пальпацияланады, көзге көрінеді.
ТМД елдерінде жиі 1955 ұсынылған О.В. Николаев бойынша эндемиялық жемсаудың
жіктелуін пайдалану жалғасып келеді.
О.В. Николаев бойынша жемсаудың жіктемесі:
0 – дәрежелі – без көрінбейді және пальпацияланбайды.
1 – дәрежелі – без көрінбейді, бірақ пальпацияланады және
жұтынғанда мойылдырығы көрінеді.
2 – дәрежелі – қалқанша без жұтынғанда көрінеді және жақсы
пальпацияланады, мойынның пішіні өзгермеген.
3 – дәрежелі – без қараған кезде байқалады, мойынның контуры өзгерген.
4 – дәрежелі – мойынның пішінің бұзатын анық айқын жемсау.
5 – дәрежелі – өскен без өте үлкен көлемге жетіп, жиі жұтыну мен
тынысты бұзып өңеш пен кеңірдекті жаншиды.
Достарыңызбен бөлісу: