Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет788/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   784   785   786   787   788   789   790   791   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Этиологиясы.
Организмде энергияның жұмсалуымен тағам калоражы арасындағы
сәйкессіздік семіздіктің дамуына алып келеді. Семіздіктің дамуының этиологиялық
факторлары болуы мүмкін:
1.
Эндокринді факторлар
. Организмде липогенез және липолиз процесстері үнемі
жүріп отырады. Қалыпты жағдайда олар толық тепе-тең күйде болады. Организмде май
алмасуын реттейтін тікелей немесе жанама қатыспайтын бірде-бір гормон жоқ: біреулері
липолизді күшейтеді және тежейді, басқасы – липогенезді күшейтеді және тежейді.
Эндокринді аурулар кезінде симптоматикалық семіздік (Кушинг синдромы, гипотиреоз,
гиперинсулинизм және т.б.) дамиды.
2.
Генетикалық факторлар
. Бұл липолиз және липогенез жылдамдығына әсер
ететін жасушалық жарғақ қабық қабылдағыштардың тұқымқуалаушылық ерекшеліктері -
және липогенез ферменттерінің туа болған белсенділігі және липолиз ферменттері
белсенділігінің төмендеуі. Кейбір синдромдарда, мысалы Лоренс-Мун-Бидль, Прадед-
Вилли және т.б. синдромдары бар науқастар тобында семіздіктің дамуында генетикалық
факторлар басты рөль атқарады. Мүмкін, қандайда бір ұқсақ генетикалық осындай
ерекшеліктер адамдар арасында кең таралуы мүмкін. Мысалы, семіздігі бар әрбір екінші
баланың ата-анасының біреуінде май алмасу бұзылысы бар, және екі ата-анасының 1/3-де
семіздік немесе дене салмағының артуы байқалады. Бала мен анасының дене салмағының
арасында тығыз байланыс бар. Анасында ДСИ 30-дан жоғары болғанда мектеп жасына
дейінгі балаларда семіздікпен ауруы 18,5%-ға дейін жағдайды құрайды.
3.
Май тінінің құрылысы
. Айтылып өткендей, май жасушасының жалпы салмағы
адипоциттер гиперплазиясы есебінен немесе оның гипертрофиясының есебінен болуы
мүмкін. Балалық және жасөспірімдік кезеңде май жасушалары гиперплазияға бейім болып
745


келеді. Бұл жағдайдағы оң энергобаланс қайтымсыз семіздікке бейімдейді. Ересектердегі
аналогиялық оң баланс адипоциттердің қайтымды гипертрофиясына алып келеді.
4.
Артық немесе баланссыз тамақтану
, тағамдық өнімдердің әртүрлі калориялық
бағалығы бар екендігі белгілі, 1 грамм көмірсуда және ақуызда 4 ккал-дан, 1 гр майда 9
ккал. Осыдан семіздік дамуына тағам мәзірінде майларды шектен тыс қолдану жауапты
екенін көруге болады. Сондай-ақ, семіздіктің пайда болуына тағамның құрамы, тамақта-
нудың сипатыда маңызды орын алады. Тағамды ретті қабылдауға қарағанда, жиі ретсіз
қабылдау дене салмағының артуына алып келеді. Семіздігі бар балалар, өздерінің құрдас-
тарына қарағанда қуатты 30% артық пайдаланады. Тәулігіне 50 ккал артық пайдалану, ал
бұл кішкене ғана бөлке және печенье – жылына дене салмағының 2,5 кг-ға артуына әкеліп
соқтырады. Әдетте семіздігі бар балалар қабылдаған тағам көлемін бағалай алмайды.
5.
Гиподинамия.
Соңғы жылдары физикалық белсенділіктің азаюы үдеп келеді.
Балалар телевизор бағдарламаларын, видеоойындар, компьютерге көп уақыттарын
пайдаланады және үйден тыс жерлерге уақыт аз жұмсалады. Телевизор қарау және
семіздіктің арасындағы байланысты былайша түсіндіріледі: физикалық белсенділіктің
төмендеуімен, телебағдарлама-ларды қарау кезінде калорияға қажеттіліктің
жоғарлауымен, қозғалыссыз, отырған күйде негізгі алмасудың төмендеуімен. Қазіргі
уақытта 30% астам балалар телевизор қарауға күніне 5 сағ. артық уақыт жұмсайды, 20
жыл бұрын мұндай балалар екі есе аз болды. Теледидар экраны алдында 3 сағ. астам
уақыт жұмсайтын адамдар да, күніне 1 сағ. қарайтын адамдарға қарағанда семіздіктің
даму қауіптілігі 2 есе жоғары. Теледидар экрандарында жарнамаланған тағамдардың 90%
астамы жеңіл сіңірілетін көмірсулардан тұратын, құрамында тұзы көп, жоғары калориялы
тағамдар болып табылады.
6.
Психологиялық факторлар
. Бұндай факторлар өте маңызды роль атқарады. Күн-
делікті өмірде әр бір адамның тағамға және физикалық белсенділікке көз-қарасы әр түрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   784   785   786   787   788   789   790   791   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет