Клиникасы.
Семіздік кез-келген жаста дамуы мүмкін. Жиі өмірінің бірінші
жылында, 5-6 жаста және жыныстық жетілу кезеңінде байқалып дами бастайды.
Шағымдары сезімдіктің түріне және ұзақтығына, айқындығынан, сонымен қатар қосымша
746
аурулардың болуымен бай-ланысты. Массивті семіздік кезінде науқасты әлсіздік,
ұйқышылдық, апатия, тез шаршағыштық, жоғары тершеңдік, бас айналу, бас ауру, ентігу,
жүрек тұсында ауырсыну мазалайды.
Экзогенді-конституциональды семіздік кезінде май салмағының артуы 50% (1-2
дәрежелі семіздік) артпайды, сау балалармен салыстырғанда өсу шапшаңдайды және
«сүйектік» жетілуі жеделдейді. Жиі беті диспропорционалды сипатта болады. Семіздік бар
көптеген балаларда қол басы салыстырмалы түрде үлкен емес, саусақтары – конус тәрізді.
Әдетте балаларда genu varum немесе genu valgum қалыптасады.
Майдың жиналуы әдетте біркелкі болады, бірақ аурудың үдеуі бойынша май ішінде,
кеуде де, мойында, арқасында және белінде жиналады, жиі сүт бездері аймағында май
тінінің артық дамуы байқалады, ақ және ақшыл қызғылт жолақтар түзіледі. Майдың
таралуына байланысты семіздік абдоминалды («жоғарғы типті семіздік», «андроидты»)
және бөксе- санды («төменгі типті», «гиноидты семіздік») болуы мүмкін. Бірінші
жағдайда май кеуде де және іш қуысында басым жиналады, ал гиноидты түрінде – бөкседе
және санында жиналады.
Терісі ылғалды, тер шығару бездерінің қызметі күшейеді. Жиі экзема, пиодермия
дамиды. Семіздігі бар балалардың барлық жүйелері мен мүшелері зақымдалады. Бірінші
ретте жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады. Семіздігі бар балалалар мен
жасөспірімдердің 80%-да артериалды гипертензия болады. Артериалды гипертензияның
дамуына май тінінің таралу типі әсер етеді. Андроидты семіздік АҚҚ жоғарлауына
бейімдейді.
Тыныс алу мүшелері жағынан – семіздікке байланысты ұйқы кезіндегі апноэ ауыр
бұзылыстардың бірі болып саналады. Түнгі сағаттардағы гипоксия өмірге қауіпті аритмия
және жүрек жетіспеушілігіне алып келеді. Семіздігі бар балалардың үштен екісінде
ұйқының бұзылысы байқалады. Соның ішінде олардың жартысында ұйқы кезінде апноэ
байқалады, 5%-да ол ауыр сипатта білінеді. Ұйқысының жарты уақыты бойы, дене
салмағы қалыптыдан 200% және оданда артық балаларда, қанның өттегімен қанығуы 90%-
дан төмен. Морбидті семіздігі бар балалардың 40% орталық гиповентиляция белгілері
болады. Семіздігі бар балаларда жиі бауыр ауруларды диагностикаланады. 20% артық
балаларда майлы гепатоздың эхо-графиялық белгілері анықталады. Шамамен 6% салмағы
артық балалардың және семіз балалардың 10% трансферазалардың деңгейі жоғарылайды.
Семіз ер балаларда жыныс мүшелері пропорционалды емес кішкентай, жиі жыныс мүшесі
май тініне «батып кеткен», жыныстық жетілуі өте кеш дамиды. Әдетте қыз балаларда
сыртқы жыныс мүшелерінің ерекшелігі болмайды, менархе мерзімінде немесе ерте баста-
лады. Лабораториялық мәліметтер: қанда гиперхолестеринемия, β-липопротеиндердің
және бос майқышқылының мөлшері жоғарлайды. Жиі көмірсу алмасуының бұзылыстары
байқалады.
Емі.
Семіздікті емдеу өте қиын мәселе. Семіздік әкелетін факторларды жою оңай
емес, олар ұзақ сақталып, аурудың қайталауына жағдай туғызады. Семіздікті емдеуді 2
негізгі сатыға бөлуге болады: дене массасын азайтуды қамтамасыз ету және қол
жеткізілген тиімді нәтижені ұстап тұру қажет. Семіздіктің емі кешенді түрде жүргізілуі
керек. Емдеудің толық бағдарламасына, калоражды шектеу, тамақтану мәдиниетіне
тәрбиелеу (жеке және өтбасы), мінез-құлықты, физикалық жаттығулар, дәрәлермен емдеу
(көрсетілім бойынша) кіреді.
Семіздіктің негізгі емі емдәм тәртібі. Тағамдық емді ұйымдастырғанда көптеген
жалпы ұстанымдарды сақтау керек. Көлемі бірдей тағамды екі-үш рет қабылдау, көлемін
азайтып 5-6 рет қабылдағанмен салыстырғанда майдың қор болып жиналуына себепкер
болатындығы анықталған. Сондықтан семіз адамдардың тамақтануы 5-6 рет аз порциядан
болу керек. 18
00
ден кейін қабылданған тамақ май түрінде қорға жиналады, яғни тәуліктің
бұл кезеңінде липосинтез липолизден басым болады. Семіз балаларды тәбеті жоғары
болғанда, тамақты қабылдау жылдамдығы баяу болу керек, сол кезде тою сезімі аз тамақ
қабылдағаннан кейінде дамиды. Емнің негізігі ұстанымы – тағамдық мәзірдің тәуліктік
747
энергетикалық құндылығын төмендету болып саналады. Ересек балаларды бөтен,
кішкентай балаларға да аз және жоғары калориялы тағамдарды ажыратуды үйрету керек.
Осындай науқас балаларға қабылдауға тиым салынбайтын тағамдар, тою сезімін
қамтамасыз етуі керек (майлы емес ет, балықтарды пайдалану), тәттілерге қажеттілікті
қанағаттандыруы (жеміс-жидектермен, қант алмастыр-ғыштармен шай ішу), асқазанда
тойғандық сезімін сезіндіруі (көк өністер арқылы) қажет. Тамақтану мәзірі термогенезді
күшейтуші (көк шәй, кофе, газдалмаған минералды су, теңіз өнімдері) липолитикалық
қассиетті (қияр, ананас, лимондарға) тағамдарға бай болу керек. Диетада ақуыз мөлшері
жасына сәйкес болу керек, тәуліктік мөлшерде ақуыздың 60-70% жануар текті болу керек.
Баланың тәуліктік
рационында көмірсуларының жалпы мөлшері жас нормасынан
(семіздіктің дәрежесіне байланысты) 25-50% азайтылады. Құрамында жеңіл сіңірілетін
көмірсулары, яғни қант, варенье, джемдерді, кондитер және макарон өнімдерін, ұнтақ
жарманы, тәтті қосылған сусындарды, қоюланған шырындарды шектейді. Семіздіктің
ауыр дәрежелерінде барлық жармалар, нан тағамдары, картоп емдәмнен алынып
тасталады. Балалардың емдәміне көк-өністер және жеміс-жидектер кіргізіледі. Майлар
бала рационы калориясының тек 30-35% қамтамасыз етуі керек. Мүлдем малдың майын
және гидрогенизацияланған майларды (сиыр, шошқа, қойдың майларын, маргаринды)
алып тастау керек. Күн сайын балалардың ас мәзіріне өсімдік (жүгері, күнбағыс)
майларын қосқан жөн.
Емнің маңыздысы болып, баланың қозғалыс тәртібін ұйымдастыру саналады.
Бұлшықетті шынықтыру оның атрофиясын азайтады, май қорларындағы майдың тарап
кетуіне және дене салмағының төмендеуіне себепкер болады. Суда жүзу және
велоспортпен әдетте науқас балалар жақсы қиындықсыз шұғылданады және бұл
жаттығулар организмнің қызып кетуіне жол бермейді. Семіздіктің ауыр түрлерінде
алғашқысында емдәм, ал кейін дене массасы азайып, тұрақтанғанда физикалық
жаттығулар тағайындалады. Толық балаларға спорттық жарыстарға қатынасуға болмайды,
олардың жұмыс жасау қабілетінің төмендігін, жүрек-қантамыры жүйесінің шектеулі
мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Мектепте олар дене шынықтырумен арнайы бағдарлама
бойынша шұғылдануы керек.
Дәрімен емдеу тек семіздіктің ауыр түрінде қолданылады. Аноретиктерді қолдану,
олар-дың жағымсыз әсерлерінің айқындығына байланысты талас тудыруда. Оларды өте
сақтықпен, егер баланың ашқарақтық сезімін тежей алмаған жағдайда, сондай-ақ диета
емнен және емдік денешынықтырудан нәтиже болмағанда қолдануға болады.
Анорексигендік әсері бар дәрілер-дің ішінде, тою орталығына әсер ететін және тағамға
деген қажеттілікті азайтушы дәрілер (
си-буграмин, теронак, фепранон және
басқа.)
ұсынылады. Болашақта қолдануға тиімді болып, ішекте липидтардың ыдырауын және
сіңірілуін тежейтін дәрілер саналады. Осы дәрілердің өкілі
ксеникал (орлистат),
липазаны
тежеуші, ол майлардың сіңірілуін 30% тежейді.
Ересек адамдар үшін, құрамында ферменттер (трипсин, липаза) бар «майды
жағушы» дәрілер жасалып шығарылуда. Олардың «жағушы» әсері тағам
ингридиенттерінің ішекте сіңірілу жылдамдығынан, олардың ферменттік ыдырау
жылдамдығы жоғары болуына байланысты организмнен шығарылады. Балаларға оларды
қолдануға болмайды, өйткені қадағалаушы зерттеулер әлі жүргізілген жоқ.
Майды пайдалану шектелген субкалориялық диетадағы балаларға А, Е, Д витамин-
дерін тағайындаған жөн. Дислипидемияда және бауырдың липодистрофиясында липо-
тропты дәрілер тағайындалады: 20% холин хлорид ертіндісі 1 ш.қ. күніне 3 рет, липамид
0,025г күніне 3 рет 3-4 апта бойы, эссенциале 1 капсуладан күніне 3 рет 20-30 күн бойы.
Семіздік кезінде жылдың салқындау мезгілінде шипажайлық ем жақсы нәтиже
береді, өйткені жоғарғы күн инсоляциясы семіздіктің өршуіне және күшейуіне ықпалын
тигізеді. Семіздігі бар балаларды емдеуде психотерапия маңызды болып саналады. Ең
бастысы баланың дене салмағын азайтуды, қоректенуді шектеудің, дұрыс тәртіпті қатаң
орындаудың, дене шынықтырумен шұғылданудың қажетілігіне сендіру.
748
Балалардағы семіздікті зерттеуші американдық ассоцияциясы семіздікпен ауыратын
балаларда дене массасын 5-10% төмендету шынайы және дұрыс деп санайды. Семіздіктің
осындай деңгейде төмендеуі липидтердің көрсеткішінің айқын жақсаруына, қандағы
глюкоза және АҚҚ деңгейінің жақсаруына әкеледі. Кейбір сарапшылар емнің бірінші
жылында балалардың дене салмағын 20% шамасында төмендету тиімді деп есептейді.
Емнің соңғы мақсаты дене салмағының қалыптадан 10% артық салмаққа жету, бірақ 19%-
дан жоғары болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |