Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет851/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   847   848   849   850   851   852   853   854   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Вискотт-Олдрич синдромы
рецессивті, X хромосомасымен қиылысу жолымен
беріліп, симптомдар триадасымен ерекшеленеді: рецидивті ірінді инфекциялар
(отиттер,
тері, өкпе бұзылыстары),
геморрагиялық синдром 
(тромбоцитопения негізінде – пурпура,
мелена, мұрын қанауы)
және экзема
.
Симптомдар көрінісі
әркелкі болғанымен, барлық
үштік, әдетте, алғашқы жылы түгел көрінеді. Айкын
лабораториялық көрсеткіштері
:
тромбоцитопения (тромбоциттердің 80%-ның диаметрі 2 мкм-ден аз), изогемааглютинин-
дер мен М-иммундық глобулин деңгейі қанда төмен, ФТА-ға лимфоциттер әсері төмен; А,
Е-иммундық глобулиндер мөлшері жоғары. 
Болжамы

әдетте, қолайсыз.
Атаксия-телеангиоэктазия
(Луи-Барр синдромы) 
аутосомды-рецессивті жол-
мен беріліп, клиникалық көріністері 1-3 жас арасында өрбиді: үдемелі мишық атаксиясы,
бұнымен қатарласа шеткі қантамырлары кеңейеді
(телеангиоэктазиялар):
алдымен көз,
содан соң ауыз клегей қабаттарында, 5 жасқа таман бұған тері тамырларының кеңеюі
қосылады.
Рецидивті өкпе инфекциялары, синуситтер, физикалық, психикалық және
жыныстық қалыс қалу, дизэмбриогенез белгілері, лимфоидтық жүйенің қатерлі ісік
өрбуіне бейімділігі, қанда альфа-фетопротеин деңгейінің жоғарылығы, хромосомалық
аберрациялар тән. Иммунитет бұзылысының айқын белгілері бірден көрінбеуі мүмкін:
айырша без гипоплазиясы, Т-лимфоциттер аздығы және олардын ФГА-ға шамалы бластық
әсері, қанда А, G2 және иммундық глобулиндер деңгейінің төмен немесе жоқ болуы. 
Болжамы,
әдетте, қолайсыз.
«
Жаланаш лимфоциттер» синдромы:
лимфоциттер мембранасында НLА
гистоүйлесімділіктің басты кешенінің жоқтығымен ерекшеленеді
. 2 формаға бөлінеді: І-
класс (А, В, С, бұларға бета-2-макроглобулин қосылады), ІІ-класс антигеңдерінің Д
1
кемістігі. Бала жолдасында да тап жоғарыдағы құрылымдар болмауы себепті пренаталь-
дық диагностика мүмкіндігі бар. Берілу жолы аутосомды, рецессивті. Аурудың
клиникалық ауырлығы аз симптомдық формасынан ауыр аралас иммундықтапшылық
дәрежесінін лимфоциттер, плазматикалық клеткалар мен иммуноглобулиндер кемістігіне
дейін болады. Тері сынақтарына анергия тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   847   848   849   850   851   852   853   854   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет