тимозинді қоса қолдану ұсьнысы бар. Бірақ Вискотт-Олдрич синдромында жүргізілген ем
анамнезін тексеру қорытындысы бұндай ем сонынан аутоиммундық және басқа дертті
иммундық бұзылыстар, қатерлі ісіктер саны көбейтетінін көрсетті.
Аралас иммундытапшылықта мыналар қолданыс табады: НLА антигендерімен
үйлесімді сүйек майын, эмбрион бауырын, айырша безін (трансплантация), айырша без-
сүйек майы блогін (төс сүйегі) еңгізу. Соңғы ем түрі Ди Джорджи синдромында өте тиімді,
иммундық әсер 8 сағат өткен соң-ақ байқалады.
Күдікті немесе анықталған біріншілік имундық тапшылығы бар ауруды
мамандандырылған орталықта тексерген жөн. Алғаш мұндай орталық Мәскеуде Ресей
академиктері Ю.М. Лопухин мен Р.В. Петровтын басқаруымен ашылды. Бұл ғалымдар
иммундық тапшылық емі үшін түрлі операциялар (трансплантация) ойлап тапты. Қазіргі
кезде өте кең қолданыс тапқаны сүйек майын еңгізу (НLА антигендері бойынша
тандалады), операция алдында реципиентке қатты рентген сәулесі жұмсалады.
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайларда қолданылатын дәрі-дәрмектер
арсеналы үздіксіз кеңеюде. Жоғарыда иммуноглобулиндер, продигиозан, пирогенал,
сальмозан, зимозан, дибазол, натрий нукленнаты, өсімдік аптогендері және басқа
иммунитет буындарын жігерлендіретін дәрі-дәрмектер қолдану әдістемелері келтірілді.
1966 ж. бельгиялық гельминтке қарсы пайдаланылған левамизолдың (декарис
–
шығарушы Венгрия) иммунитетке оң әсері және инфекциялық ауруларды азайтатын
қасиеті анықталды. Левамизол В-лимфоидтық жүйені қозғамай, макрофагтар мен
нейтрофильдер, Т-жүйесіне (дұрысы, олардың тежелген субпопуляциялары) жігер береді,
яғни иммундымодульдаушы әсер етеді. Левамизолдың оң әсері Вискотт-Олдрич
синдромын, вариабельді гипогаммаглобулинемия, атаксия-телеангиэктазия, созылмалы
гранулематозды емдеуде байқалады. Мұндай нәтиже Брутон А-гаммаглобулинемиясында,
М иммуноглобулин кемістігі, тері- клегейлік кандидозда болмайды. Дегенмен, кешенді ем
құрамыңда кейбір ревматоидтық артрит, жүйелі қызыл жегі, созылынқы пневмония,
созылмалы гломерулонефриттің аралас формасы, созылмалы гепатит тәрізді ауруларға
ұшыраған балаларға онын көмегі болады. Егер ауруда Т-супрессорлар кемістігі болса,
левамизол аптасына 1-3 рет 2,5 мг/кг есебінен тағайындалады. Жанама әсерлер беруі
ықтимал: агранулоцитоз, ішек бұзылыстары, аллергиялық бөртпелер, аутоиммундық
бұзылыстың асқынуы.
Достарыңызбен бөлісу: