Гистоплазмоз өкпеден тыс немесе жайылмалы *
Ішек изоспориозы созылмалы, айдан аса *
Капоши саркомасы х+
Лимфоидтық интерстициальдық пневмонит х+
Біріншілік ми лимфомасы х
Лимфома (Беркит немесе иммунобластық саркома) *
Көптеген немесе рецидивті инфекциялар *
Құстық, туберкулез кешені х
Туберкулез немесе қышқылға тұрақты бактериялар тудырған инфекциялар, өкпеден
тыс немесе жайылмалы *
Пневмоцисталық пневмония х+
Үдемелі көпошақты лейкоэнцефалопатия х
Ми токсоплазмозы, айдан асқан балаларда х+
ВИЧ-ке қатысты жүдеу синдромы
Шартты белгілер:
х – егер кесел тура анықталып (биопсия, культура), иммундық тапшылықтың басқа
себептері болмаса, ВИЧ-инфекциясының лабораториялық дәлелі керек емес.
+ – егер ВИЧ- инфекциясы қойылса, алдын-ала қойылған «маркерлік» ауру диагнозы
қабылданады.
* – ВИЧ- инфекциясының лабораториялық дәлелін қажет етеді.
Клиникалық көрінісі
.
ЖИТС-инфекциясының соңғы кезеңі, клиникалық көрінісіне
кең спектрлі бұзылыстар сай, олардын көбі арнайы емес. ДДҰ тұжырымына сай ЖИТС
күдігінің алғашқы шарттары үлкендер үшін төмендегідей:
Үлкен белгілері
:
а) салмақтың 10%-ның жоғалуы;
б) созылмалы диареяның айдан аса созылуы;
в) ұзақ (айдан аса) қызба (құбылмалы немесе тұрақты);
Кіші белгілері:
а) ұзақ сақталатын жөтел (айдан аса);
б) жайылмалы қышымалы дерматит;
в) рецидивті оралмалы герпес;
г) мұрын-жұткыншақ, өңеш кандидозы;
д) үздіксіз үдемелі немесе жайылмалы жай герпес;
е) жайылмалы лимфоаденопатия.
Екі үлкен және бір кіші белгі болып, басқа иммунитет тежейтін анық себептердің
болмауында (қатерлі ісіктер, үш немесе одан көп ай бойы глюкортикоидтар және/ немесе
цитостатиктер қолдану, радий сәулесін жұмсау, тұқымқуалаушы иммундық тапшылықтар)
ЖИТС диагнозын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: