Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет874/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   870   871   872   873   874   875   876   877   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

С санаты 
– симптоматикасы ауыр;
ЖИТС- индикаторлық аурулары; ЖИТС диагнозын анықтайтын жағдайлар:

көрнекті бактериальдық инфекциялар, көптеген немесе рецидивті (2 жылда кемінде
2 рет гемокультура арқылы дәлелденген) – сепсис, пневмония, менингит, остеомие-
лит, ішкі ағза, қуыстар абсцесстері (отит, беткейлі абсцесс, катетерге байланыстан
тыс);

өңеш немесе өкпе кандидозы (бронх, трахея, өкпе тіні);

жайылмалы кокцидимикоз;

өкпеден тыс криптококкоз;

криптоспоридоз немесе изоспороз диареямен, 1 айдан аса;

1 айдан асқан баладағы ЦМВ ауруы (жеке ЦМВ-бұзылысынан тыс бауыр, көк
бауыр, лимфа түйіндері);

энцефалопатиялар (АИТВИ-нан өзге, 2 айдан аса созылған аурулар белгілерімен) – 1)
психомоторлық даму кідірісі; 2) жастан асқандарда КТ немесе ЯМР-тексерісімен
дәлелденген; 3) 2 одан көп жүре болған моторлық бұзылыс – парез, патологиялық
рефлекстер, атаксия, жүру бұзылыстары;

герпетикалық инфекция, созылуы 1 айдан аса немесе 1 айдан асқан балаларда
эзофагит, бронхит, пневмонит беретін;

жайылмалы гистоплазмоз;

Капоши саркомасы;

Мидың біріншілік лимфомасы;

Беркит лимфомасы немесе В-клеткалық лимфома, немесе иммунобласттық лимфома;

жайылмалы немесе өкпеден тыс туберкулез;
811



пневмоцисталық пневмония;
— үдемелі мультифокальды лейкоэцефалопатия; 
сальмонеллездік септицемия (тифоз-дык емес) рецидивті; 
1 айдан асқан баладағы мидың токсоплазмозы;
АИТВИ-нан өзге аурусыз вестинг-синдром: 1) азу (> 10% астам масса жоғалту; 2)
созылмалы диарея (1 ай бойы тәулігіне 2-ден аса); 3) нақты көрсетілген интермиттеуші
немесе тұрақты қызба 1 айдан аса;
— ЖИТС-ке күдік тууы, егер балада үлкен екі және осынша кіші белгілер табылып,
және иммуносупрессорлық негізді себептерінен ештеңе анықталмаса, орынды болып
саналады. Балаларда иммунитет тежелуінің этиологиялық факторына құрсақішілік
инфекциялар жатуы ықтимал (қызамық, цитомегалия, токсоплазмоз және т.б.).
ВИЧ-инфекцияға ұшырағандар, оның ішінде ЖИТС-пен ауру аналардың балалары
да, туылғанда клиникасы бойынша сау, салмағы мен бойы қалыпты болады. ВИЧ-
инфекция белгілері, әдетте, бірінші жыл соңы – екінші жастың басында көрініс береді:
1) неврологиялық бұзылыстар (балалар ЖИТС-інің 93 %-ы), түрлі дәрежедегі энцефало-
патия, психомоторлық өсу тежелісі, оның тіпті құруына дейін: жүре пайда болатын
микроцефалия; 2) рецидивті бактериальдық, вирустық инфекциялар (стафилострептококк-
тік, гемофильдік, сальмонеллез т.б.); 3) салмақ қосудан қалу, гипотрофия; 4) өкпе бұзы-
лысы салдарынан ТТ-нын пайда болуы балаларға тән сипатымен көрінеді (СПИД-тің 25%-
да балаларда өкпелік лимфоидтық гиперплазия немесе өкпелік интерстициальдық
пневмонит өрбиді), үлкендер мен ересек балаларда пневмоцисталық пневмония анықтала-
ды (олардын салыстырмалы диагнозын 
142 кестеден
қараныз); 5) шеткі лимфа түйіндері-
нің үлкеюі (лимфоаденопатия) мен гепатоспленомегалия; 6) оппортунистік инфекциялар
(токсоплазмоз, кандидоз, цитомегалия, криптококкоз т.б.); 7) рецидивті немесе созылмалы
диарея; 8) сілекей бездерінің үлкеюі; 9) гематологиялық өзгерістер (лейко-, лимфоцито-,
тромбоцитопениялар, анемия); 10) сиректеу кардиомиопатия, гепатит, нефропатия.
ВИЧ-эмбриофетопатия әбден мүмкін, кейбір СПИД-пен ауру әйелдердің аборттық
материалынан (жүктіліктің 18-20- аптасы) ми, айырша безден вирус бөлініп алынған. Біраз
авторлардын зерттеулеріне сай ВИЧ-эмбриофетопатиясына құрсакішілік даму кідірісінің
диспластикалық типі тән: микроцефалия және баска бет-ми дисморфизмі (кең, шығыңқы
маңдай, экзофтальм, гипертелоризм, қисық қысынқы көз, толық ерін, көк көз). Бірақ
көпшілігі бұл сипаттаманың осы ауруға тәндігімен келіспей, бұлардың көбінің аналарында
тек СПИД-тен басқа наркомания, алкоголизм, токсикомания, бірқатар соматикалық
аурулар болғанын ескертеді.
142 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   870   871   872   873   874   875   876   877   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет